Адам саудасы – қатерлі қылмыс слайд,презентация — Құқық

0

Адам саудасы – қатерлі қылмыс слайд,презентация

 

 

 

XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге дамып келе жатқан қылмыс түрі болып табылады.Қазіргі таңда қылмыстың бұл түрін ауқымды трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ,бұл қылмыстың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр,сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде қарастырамыз.
ҚК-ң 128-бабында «Адамды саудаға салу» түсінігі — адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау. 
Адамдарды оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге және Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау, ауыстыру адам трафигі деп аталады.

Адам саудасына қарсы 1926 жылы қабылданған Ұлттар Лигасының Құлдық туралы Конвенциясы бар, араға 4 жыл салып, 1930 жылы Күштеп жұмысқа тартуға тыйым салу туралы тағы бір Конвенция өмірге келген. 1949 жылы Адам саудасы және жыныстық құлдыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы пайда болады. 2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам саудасын жою мен ескерту туралы Қаулысын қабылдайды. 23 тамыз – Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу, 2 желтоқсан – Халықаралық құлдыққа қарсы күн болып белгіленген. Адамды құлдыққа салудың бұл формасы «адам саудасы» деген терминмен түсіндіріледі (трафик). Оның таралу тарихы қысқаша былай болған. Адам саудасы ең алғаш рет құқық қорғаушылар тарапынан XX ғасырдың басында өзекті мәселе ретінде көтерілген. Сол кездегі халық өз назарын континентальды Еуропаға Ұлыбританиядан әкелініп, жезөкшелікке мәжбүрленген әйелдерге аударды. «Адам саудасы» термині осылайша түпкілікті қалыптасты. Оған құқықтық тұрғыда былай деп анықтама береді: адам саудасы – адамдарды пайдалану мақсатында қылмыстық әрекетке тарту, басқа жаққа алып өту, басқаға өткізу, жасыру немесе күш көрсету не мәжбүрлеудің басқа да формасы арқылы адамдарды алу, ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билікті бас пайдасына асыру, әлеуметтік немесе психологиялық жағдайының нашарлығын пайдалану не басқа тұлғалардың бақылауындағы адамдарды өтем орнына сатуға келісімін алу. Қысқасы, адамның бас еркіндігінен тыс саудаға салу деген сөз. Мамандардың пікірінше, бүкіл дүниежүзінде жыл сайын шамамен 800 мыңнан 4 миллионға дейінгі адам құлдыққа сатылып, еңбегі қаналса, олардың дені қыз-келіншектер екен. Ал бұл қылмысты ұйымдастырушы азаматтар одан жылына 7 миллиард доллар табыс табатын көрінеді. Сондықтан да бүгінгі күні адам саудасы әлемдегі ең табысты кәсіп бойынша үшінші орында тұр, ал одан алдыңғы екі орынды заңсыз қару-жарақ сату және есірткі саудасы иемденген.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!