Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау

0

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2 Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін халықаралық және ұлттық сотта қорғау
3 Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

4

5

10

15

16

Кіріспе

Адам құқықтарының бұзылуы көптеген жылдар бойы адамзат aлдында тұрған маңызды мәселелердің — бipi болып табылады. Жеке адамға қол сұқпау құқығы, өмір сүру құқығы сияқты адамның табиғи құқықтары көптеген жылдар бойы негізгі құқықтар ретіннде танылмады. Біздің қоғамның дамуымен мемлекеттер бұл мәселеге назар аудара бастады.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес.. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.
Реферат жазудағы негізгі мақсатым — Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау түсінігін зерттеу.

1 Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.
Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады.
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.
Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті.

2 Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін халықаралық және ұлттық сотта қорғау

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі мәселесі — қоғам және мемлекет өміріндегі ең бірінші қорғалуға тиісті құндылықтар. Жалпы гуманитарлық құндылықтар өлшем бірлігінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басқа субьектілер арасында басым рольге ие екендігі даусыз. Кез келген демократиялық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары және оның міндеттері әлеуметтік, саяси, әрі заңды сипаттағы маңызды институтты құрап, қоғамның өркениетті даму деңгейі жетістіктерінің өлшеуші қызметін атқарады.
Адам құқықтары мен бостандықтарының — тұлғаның рухани және материалдық игіліктерге жетуінің құралы, биліктің механизмі, ерік білдірудің заңды түрі, өз мүдделерінің жүзеге асуының басты факторы екендігін де атап өткен орынды. Сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі дамытуының міндетті алғышарты, оның қоғамдағы орнын нақтылау, әрі артықшылықтарын көрсетудің бір түрі [1]. Сондықтан да дамыған, өркениетті мемлекеттер мен ұлттар, жалпы әлемдік қауымдастық — адам құқықтары мен оны қорғауды мемлекеттің прогрессивті дамуы мен гүлденуінің, тұрақтылық пен төзімділіктің әмбебап идеалды алғышарты ретінде қарастырады. Сол себепті қазіргі заманғы әлем осы бағыт бойынша қарқынды дамуда. Белгілі қоғам қайраткері Т. Джефферсон өз кезегінде адамның туа біткен және ажырамас құқықтарынан басқа өзгеріске ұшырамайтын ештеңе жоқ деген қанатты сөзін бекер қалдырмаса керек.
Адам құқықтарын қорғаудың мәселесі бүгінгі таңда жекелеген мемлекеттердің аумағынан шығып, бүкіләлемдік құқықтық институттардың құрылуына негіз болғанымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмінің осы кезеңдегі және жақын болашақтағы жетекші ролі ұлттық институттарға тиесілі екендігі де жасырын емес. Адам құқықтарын қорғаудағы кепілдіктердің бірі құқыққорғау институтының әділ және тиімді жүйесі. Оның өзі өз кезегінде екі түрге бөлінеді: 1) құқық қолдану — құқықтық заңнамаларды жүзеге асырудың мемлекеттік биліктік әрекеті, құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделерін жүзеге асырудағы кездесетін кедергілерді жою болса; 2) құқық қатынасының субьектісі өз мүддесі мен заңды құқықтарын қорғау үшін тиісті құқыққорғау органдарына шағымдануға, ал құқыққолданушы оны қорғауға кепілдік беруге немесе оның мүддесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқылы [2].
1948 жылдың 10 желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтары туралы Жалпы Декларациясын қабылдаған болатын. Аталған Декларацияда адам туа салысымен тең құқықтар мен міндеттерге ие, оларды түрі, түсі, ұлты, жынысына және тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бөлуге болмайтындығы туралы нақты айтылған. 1950 жылдан бастап әр жылдың 10 желтоқсаны Халықаралық Адам құқығы күні ретінде аталып өтіледі. Сонымен қатар 1950 жылы Адам құқықтарын қорғаумен оның негізгі еркіндіктері туралы Еуропалық конвенция, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт қабылданды. Осы аталған және содан кейінгі қабылданған құжаттар негізінде адам және азамат құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын, яғни өлшемдерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің конституциялық құрылымын реттеп, инкорпорациялау үшін негіздер қаланған болатын.
Адам құқықтары туралы алғашқы ұғым 1789 жылы қабылданған Францияның Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы Декларациясында көрініс тапқаны белгілі. Алайда күн бүгінгі күнге дейін адамның туа біткен құқықтары мен бостандықтары ұзақ даму кезеңдерден өткен болатын. Оның алғышарттарының, яғни қайнар көздерінің қатарына Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215), Ағылшындық құқық туралы Биль (1689) және Американдақ құқық туралы Биль (1791) сияқты құжаттарды жатқызуға болады.. XIX ғасырда басым мемлекеттерде алғашқы саяси және азаматтық либералдық құқықтар әр түрлі сипатта қалыптасқан болатын. ХХ ғасырдың басындағы социалистік жүйенің қарқынды ықпалымен азаматтық және саяси құқықтардың қатарына кәсіподаққа бірігу құқығы, еңбек ету құқығы, әлеуметтік көмекке құқық және т.б. сол сияқты бірқатар әлеуметтік экономикалық құқықтар келіп қосылғаны белгілі
Құқыққолдану жүйесіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларға қатысты қоғамдық қатынасты қалыптастыру жүйесінің маңызды бөлігі — сот жүйесі. Сот билігі нақты сипаттағы құқыққорғаушылық қасиетке ие, сонымен қатар сотта қаралатыын істер мөлдір, әрі ашық болуы, шарт. Соттың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті заңды құқыққорғау деп аталса, басқа өкілетті органдардың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті құқыққорғаушылық деп аталмайды. Құқыққорғаудың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы басқа өкілеттік органдардан басты ерекшелігі осы болып табылады, ол адам құқықтары мен бостандықтарының азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Бұл жерде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы Төрағасы Қ.Мамидің Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесін реформалаудың басым бағыттары, нақтырақ Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің маңызы туралы сот жүргізу ісін қарапайым жүйеге келтіру, азаматтар құқығын қамтамасыз етудің кепілдігін арттыру, әділетті сот жүргізу мақсатында соттырдың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесіндегі құқыққорғау өкілдерінің маңызын арттыру, сот жүйесіндегі жариялылық пен шыншылдық қағидаларын қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық сот жүйесін халықаралық сот жүйесінің нормаларына сәйкестендіру арқылы сот билігінің беріктігін қамтамасыз ету керек деген сөзін атап өткен орынды болар еді [3].
Қазіргі күшіндегі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы қабылдаған Конституциясының тұтастай бір VII бөлімі Соттар және сот төрелігіне арналғандығын да атап өткен жөн. Ата заңымыздың 75-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады деп ашып көрсеткен. Ал 76-бабында Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, сонымен қатар өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатындығы туралы атап өтеді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңының 1-бабында әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiлетіндігі туралы айтылған.
Адам құқықтары — тұлғаның жалпы құқықтық мәртебесін айқындайтын құқықтардың жиынтығы. Ол құқықтық мемлекеттердің конституциялық құқығының негізін құрайды. Аталған ұғым әр түрлі позитивті құқықтық мемлекеттермен қатар, түрлі халықаралық құқықтық келісімдерде де бірнеше мағынада кездесуі мүмкін. Халықаралық жария құқықта БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Декларациясы Адам және азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі тұңғыш заңнама болып табылады.
Сот органдарында құқыққорғау қызметінің екі аспектісі көрсетілген: Біріншіден, құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл сот органдары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарастыра отырып, тек қана заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, нормативтік-құқықтық актілерге, мемлекеттің халықаралық заңнамаларына сүйену керек екендігін көрсетсе, екіншіден, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына сай келеді.
Қазақстан Республикасын Конституциясының 78-бабында Соттардың Конституциямен баянды етілген адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті екендігі туралы айтылып өткен.
Істі қараудағы әділ, әрі жария түрде қарау құқығы тәуелсіз және әділетті сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс екендігі Адам құқығы мен бостандығын қорғау туралы Декларацияның 8-бабында айқындалып, оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы арқылы кепілдік берілген. Конституция бойынша: Әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бар екендігі туралы айтылған. Еуропалық Конвенцияның 6-бабына сәйкес: әрбір тұлға өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін анықтауда немесе кез келген қылмыстық айыптау кезінде әділ және жария соттық қарастыруға, соттың нақты және дұрыс шешім қабылдауына сенім арта алады.
Сол сияқты заңнама Адам құқықтары туралы жалпы Декларацияның 10- бабында, Халықаралық азаматтық және саяси құқық туралы пактінің 14- бабында баяндалған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың бірі, ол — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтарын жөніндегі комиссия. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі Комиссия ережеде бекітілген мақсат міндеттерін тиімді атқаруда. Дегенмен де, жекелеген адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибелік қорғау саласында ұтымды іс-шаралар ұйымдастыра алмай отырғандығын да атап өткен орынды болар еді. Өйткені Комиссия адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және саяси технологияларды енгізумен ғана шектеліп қалуда. Сондықтан да келешекте Комиссияның осы бағыттағы қызметін жандандыра түсуі … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz