Адам өлтірудің объективтік белгілері | Скачать Курстық жұмыс

0

Мазмұны

Кіріспе

1 ЖЕКЕ АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері
1.2 Адам өлтірудің түсінігі

2 АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Адам өлтірудің объективтік белгілері
2.2 Адам өлтірудің субъективтік белгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
3

5
5
12

22
22
24

33

36

Кіріспе

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, — деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады.
Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп. Сот тәжірибесінде анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі, қажетті қорғаныс шегінен асу, аффект жағдайындағы адам өлтіру және қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен асу қылмыстары бойынша қарастырылатын істер бойынша кететін қателіктер өте көп. Соттар әлі күнге дейін қылмысты, әсіресе мұндай күрделі құбылысты саралау кезінде де қателіктер жасайды. Бұл қателіктер адам тағдыры үшін шешуші роль атқарады, кері әсерін тигізеді. Мұның себебі, заңнамада бұл құбылыстарға барынша нақты сипаттама берілгенмен, ол да жеткіліксіз болып табылады. Мысалға, заңнамада жаңа туған сәби ұғымы ашылып көрсетілмеген. Ал заң әдебиеттерінде жаңа туған сәби немесе жалпы жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіруді былай қойғанда, жалпы адам өлтіру құбылысы үлкен дау тудырып отыр.
Жалпы адам өлтірудің өзі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі заң әдебиеттеріндегі көзқарастар да әртүрлі.
Тақырыпты таңдау себебім, адам өлтіру құбылысын, адам баласын екінші біреуге мұндай қатыгездік жасауға қандай мән-жайлардың, себептердің итермелегенін түсінгім келді. Жалпы адам өлтіру құбылысын өзінің басынан өтпеген адамның түсінуі қиынға соғады, сондықтан ең болмаса жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіру кезіндегі қылмыскердің жан-дүниесін, көңіл-күйін, психикалық және психологиялық жағдайын, ішкі сезімін ашып көруге тырыстым. Білуімше, жеңілдетілген жағдайда болған кісі өлтірудің, жеңілдетілген және ауырлатылған жағдайларсыз, жай кісі өлтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі әлдеқайда төмен болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты — адам өлтірудің түсінігін және құқықтық сипаттамасын толық ашу. Осыған орай мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
— жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлеріне толық анықтама беру;
— адам өлтірудің объективтік белгілерін ажырату;
— адам өлтірудің субъективтік белгілерін зерделеу.
Курстық жұмысы 2 тарау және 4 тармақшадан тұрады. Бірінші тарауда, жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері, ал екінші тарауында адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы баяндалады.
1 ЖЕКЕ АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың ұғымы және түрлері

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары, — деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.
Қылмыстық құқықтан негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндетгерінін бірі болып табылады. Қылмыс әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осыңдай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстын әр уақытта да адамнын, нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді [1, 125].
Адамның кұқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мумкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның зан, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міңдетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жуйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты катерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс регінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген кылмыстық занға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздеріңде (5-бап); Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар төртібін бұзушылық қылмыс деп танылады делінген. РСФСР-дын 1922жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға кауіпті іс-әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік кұрылысқа немесе құкық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік коғамға кауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық зандардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономиалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын коғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік кұкық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстык, заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген Одақтық республикалардың, оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазак КСР Қылмыстық кодексінде де (7-Заң) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Оңда жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп таныладыделінген (9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік. жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр [2, 456].
Қазақстан Республикасынын Кылмыстық кодексі Ерекше бөлімінін тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс кұрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқықа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жана Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстык занды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық кұқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы занда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтын міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазанын белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттін, қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құкылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Зан, шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады [3, 147].
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық занда көзделген адам мен азаматтын кұкықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың коғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық, аймақтар) не тыйым салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап, 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қаңдай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын зан шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңнын өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл знян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, б тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілсріне де байланысты.
Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істеді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетгі істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеітер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кұқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстын сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін — сандық сипатгамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай коғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады [4, 569].
Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстін 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінін, маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктін сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысаңдары арқылы анықталады.
Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда коғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1 -бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, онын қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардын, болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады [5, 412].
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немкұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап).
Менмендікпен немесе немкұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз женілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмысменмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық, болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайды жасалған болып табылады.
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамнын, іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннін, өзі, қылмыстық заң жазамен корқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатының көрсетеді.
Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ыкпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды.
Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот оңдай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекетгің зардабының көрінісі болып табылады [6, 187].
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.
Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінін өміршеқтік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстын болуын айқындау қажет [7, 258].
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәліның оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстін, 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасаканалық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттін нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнін, болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кен, таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді [8, 125].
Тікелей және жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ онын еркінен тыс себептер бойынша ол болмай калғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінін, түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен окшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәліның қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәліның қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), онын, жәбірленушімен арақтынасын ескеруі тиіс.
Жәбірлеңушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік манызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысыңда, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі.
Тікелей қасаканалық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінін, өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінін бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұксас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәліның шын мәніндегі анықтілегін білдірмейді [9, 477].
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге каруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек [10, 52].
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кнәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінін, арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда керсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша аыықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы турде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды

1.2 Адам өлтірудің түсінігі

Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей обьект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. А.Н. Ағыбаевтың айтуынша, адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Свидловтың айтуынша, өлудің соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.

Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам — бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға ( 96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде, жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру — ҚК 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан да көп адамды өлтіру.
адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан да көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлә әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін — кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге — екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жағдайларда кінәлінің әрекеті осы а тармақшасымен сараланады.
Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе одан да көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК 24-бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының а тармақшасы бойынша саралануы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру.
мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23-желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7 нормативті қаулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп — арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.) жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып табылады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі ҚР ҚІЖК 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар — ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алғандар, бірге тұрған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жатады (ҚК 167,340-баптары).
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.
жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсінуі керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабыддаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау түсінігі ҚК 125-бабында және кепілдікке алу 234-бапта берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен ұштасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдсі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады.
г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру
адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. Белгілі деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру
адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру
адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінәлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК 96-бабының 2-тармағының е тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
ж) ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру
адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген ҚК 31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын бірлесіп қатысқан болса, ұйымдасқан адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың ашықтан-ашық, өзара күш біріктіруімен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығын айқындау қажет.
Егер адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.
Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, ұйымдасқан топтың адам өлтіруі орын алады.
з) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сияқты қарақшылықпен, қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру
ҚК 96-бабының 2-тармағының з тармақшасы бойынша кінәлі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған қасақана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол ақша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына үшінші адамнан сыйақы алуға құқықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдық шығыннан құтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді.
Адам өлтірудің осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен қарақшылықпен қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан жағдайлар да жатады. Қасақана адам өлтіру қарақшылық, шабуыл жасау, қорқытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген әрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалған адам өлтіру ретінде саралау үшін кінәлінің мұндай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау қажет. Егер бұл жағдай болмаса, пайда табу мақсаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлық құрамын құрайды. Жәбірленушіні қарақшылықпен шабуыл, қорқытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін өмірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Мұндай жағдайда адам өлтіру ҚК 96-бабының 2-тармағының к тармағы бойынша сараланады.
Пайда табу мақсаты мен адам өлтірген жағдайда кінәлінің материалдық пайда алу немесе материалдық шығыннан құтылу ниетінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды.
Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін ақыға жәбірленушіні алып тастауды қалаған адамның жалдаған адамы жүзеге асырғандықтан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады.
и) бұзақылық ниетпен адам өлтіру
бұзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz