Адам көркі шүберек 3 сынып

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Адам көркі шүберек 3 сынып

Автор: Джазыкбаева Жанат Турсунбековна

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-12


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбие сағаты




Тәрбие сағатының тақырыбы: Адам көркі-шүберекСабақтың мақсаты: Оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, тазалыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Экономикалық тәрбие берПәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстануСабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың сабаққа дайындығын байқап, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Ой толғау-Балалар, «Адам көркі- шүберек» деген мақалды қалай түсінеміз?-Иә, дұрыс айтасыңдар. Киім- адамның көркін ашады. Әр заманның техникаларының жетістіктеріне қарай киім үлгілері де өзгерісте болады. -Балалар, алғашқы адамдардың киімдері қандай еді? -Қазақтардың, басқа да ұлттардың ұлттық киімдері жайлы әңгімелеу.-Киімдер қандай материалдардан жасалады?-Киімдерді сәндеу туралы әңгімелеуКиімді сәндеу — жаңа сән коллекциясын шығарудағы шығармашылық процесс.Техникалық инженер-конструктор, сәнді эскиз, сурет, фото, сызбаКөркемдік қолдану орны, сәннің бағыты, фурнитура, көркемдік әшекейлер, мата түрі. Бұйымды конструкциялау дегеніміз — киімнің сырт пішіні мен құрылысын анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызбанұсқасы: өлшем алу және киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін қосымшадан тұрады. Өлшемдікті іздеу — өнердің де, талғамның да міндеті.Мысалы көйлекті қалай тігеді? Көйлек — иық бұйымдарына жатады. Ол X ғасырда Римде пайда болған. Көйлек латын сөзінен аударғанда «кию» деген мағынаны береді. Көйлекке үлгі таңдаған кезде, мынадай жайларды ескеру керек:— көйлек қай бағытқа арналып тігіледі (күнделікті жұмысқа, мерекелік кешке, демалысқа), қандай маусымға арналады (көктем, жаз, күз, қыс), дене мүсіні, жас ерекшелігіне. Көйлектің белгілі бір үлгісінің сызбасын сызу үшін негізінен кеуде шеңбері басты рөл атқарады.НЕГІЗГІ БӨЛШЕКТЕР:Жағалар, жеңдер, алдыңғы бой, артқы бой. Тұлғаға келетін конструкцияны жасаған кезде, оның өлшемдері өте дәл болуы қажет. Адам денесіне киім тігу үшін өлшемдер алу кезінде сақталатын ережелер:1. Өлшемдерді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді;2. Белін алдын ала жіппен буып қояды;3. Өлшем алатын адам табиғи тік тұруы керек;4. Таспаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды;5. Ер адамдар тұлғасы тік бұрышты силуэты, ал әйел адамдар үшбұрышты силуэтты.6. Ұзындық өлшемдері толық, ен өлшемдері жартылай жазылады.

Тігін машинасының дисплейі 10 тілде сөйлейді. Кнопканы басқан сәттен бастап сізге не істеу қажет екендігі жөнінде кеңес беріп отырады. Бұл тігін машинасының көмегімен тігіп отырған материалыңызға кез-келген ою-өрнек орноментін, сурет немесе жазбаны түсіре аласыз.  Ескертетін жайт, кескінді комьютерге енгізіп, басқарып отырсыңыз болғаны. Қалғанын құрылғының өзі атқара береді. Бір сөзбен айтқанда мата бетіне қалаған кескініңізді бейнелей аласыз. Астанада дәл осындай тігін машиналарының көмегімен тігілген қыз жасауы, үй заттарының ең төменгі бағасы 15 мың теңге тұрады.

         Қыз – келіншектерге үйренуі тиіс кәсіптердің бірі – тоқымашылық. Кәдімгі оқушы кезімізде еңбек пәнінің мұғалімі үйреткен «тоқыма ісі» де  кәсіптің түрі. Аяққа киетін шұлықтан бастап қолғап, жемпір, көйлек, кеудеше, бас киім, мойын орағыш секілді киім-кешектің неше түрлерін қолдан тоқуға болатынын білесіз. Осы заттарды да автоматтандырылған, компьютерлендірілген машиналармен тоқи аласыз. Оның тәсілдерін интернеттегі арнайы сайттар арқылы меңгеру алып қиын емес. Осы жерде Silver атты тоқыма құрылғысын атап өтсем. Бұл машинаның көмегімен  қысқа арналған қалың жемпірден  бастап, жазда киетін жеңіл көйлектерге дейін түрлі киімдерді тоқи аласың.Қорытынды: Венн диаграммасы арқылы Киімді таза, ұқыпты және ұқыпсыз ұстау туралы салыстыру.

        

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.