Адам досымен мықты – Ашық сабақтар – Bilim

0
313

Ой қозғау 5 мин.




















Жаңа сабақ 30мин




Ширату


Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Достармен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды)


Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы!


1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.


Іздегенде табылатын қасыңнан


Көңілі бар қызғалдақтай ашылған (Дос)


2.«Екі дос» ертегісін тыңдату.


 Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.


    Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп ,өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.



– Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты сөз ететін боламыз?



    “Достық”сөзінің мағынасы өзара сыйластық пен ортақ мүддеге құрылған жақын қарым-қатынасты білдіреді.Достық дегеніміз-адамдардың бір-біріне адал,қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.Этика-мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары.


     Адамгершіліктің алтын қағидасы::“Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң,сен де оларға сондай қарым-қатынас жаса”.



3.«Дос» сөзінің мағынасын ашу.(жұптық жұмыс)



4.Мақалды жалғастыр:


Досы көпті,жау алмас


Бірлік болмай,тірлік болмас.


Күлме досыңа,келер басыңа


Доссыз адам,тамыры жоқ ағашпен тең.


Дос досының кемшілігін кешңре біледі.



Күн



Жел суреті





Суреттер (достар, ана, туған жер, отбасы т.б.)











Әнді тыңдау


Интерактивті тақта
















Интерактивті тақта,


Оқулық












Мақал-мәтелдер











Дереккөз: Bilim All