«Адал достық» өзін-өзі тану

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Адал достық» өзін-өзі тану

Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

4 сыныпқа арналған




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №20 жалпы орта білім беретін мектепМерзiмі: 19.01.2018ж Мұғалiм: Молдашева Айгуль АнуарбековнаСынып: 4-сынып Оқушылар саны: 14 Тақырып: №10 Адал достықҚұндылық: Ақиқат Қасиеттер: Адалдық, жауапкершілік, шыншылдық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойына адалдық қасиетінің маңызын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу Міндеттері:1. Оқушыларға адам өміріндегі адалдықтың маңызын түсіндіру.2. Оқушыларға шындықты жалғаннан ажырата білуге үйрету. 3. Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (дәптер, кітап, слайд, )
Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. 5Т ережесі
  • Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру 44- беттегі №10 сабақ «Сыпайы қоян» әңгімесін тексеру.1. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды2.Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті 3.Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласың 4.Жақын адамдарыңа ұандай қандай жақсы сөз айтқың келеді?

    Ескерту
  • Дәйексөз Айнымас досы бар адам -ең бақытты адам. Халық мақалы
  • Айнымас дос дегенді қалай түсінесіңдер ?Доссыз бақытты болу мүмкін бе?

  • Оқиғаларды әңгiмелеу
  • Аңыз әңгіме: Адам ақиқатты қалай таниды? Ертеде шығыс елінің бір шаһарға піл әкелген екен. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен – саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді. Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Жобаларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз. Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды, әрбір тұжырым не – ақиқат, не – жалған. Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді, екі жерде екіміз төрт, бес, тағы басқа кез келген сан болар еді, су нөл градуста да, жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді. Онда тіпті кез келген адамның өз ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы, долбары дұрыс болар еді, әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың», қаптаған «сәуегей сарапшылардың», сезімтал жазғыштардың, ойсоқты пәлсапашылардың. Иә, ақиқат біреу-ақ, яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ, қалған жолдардың барлығы одан алыстатады. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол, ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегі жолдар. Ал, қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу, ақиқатты тану жоқ. Мейлің тіріл, мейлің өл, ақиқат деген осы! 

  • Шындық пен жалғанның айырмашылығы қандай?
  • Шам жаққанда олар нені көрді?
  • Кімнің айтқаны ақиқат? Неге?
  • Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
  • 1-топ5 оқушының көздерін байлап қамшыны қолдарымен сипап сезу арқылы қандай зат екенін айту.2-топАдал адамның бойындағы қасиеттерді жаз.

  • Топпен ән айту.
  • Жан досым

  • Үй тапсырмасы
  • Оқулықтың 49-бетіндегі № 11 сабақ  «Екі дос» ертегісін оқып келу. 

  • Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
  • Баяу музыка қосылады — Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әруақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.