Әбілхайыр хандығы — Тарих

0

Әбілхайыр
хандығының саяси рөлі

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және
Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген
түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары:
қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт
және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы
жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси
жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық
бытыраңқы жер
лерін біріктірген «Көшпелі өзбектер мемлекетінің»
яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі
Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста — Балқашқа дейінгі,
оңтүстікте — Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте — То-был
мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.)
елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті
алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті —
оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей
тағы басқалары — Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті
Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр
ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді.
Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі
үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа
елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық
түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу
ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін
XV ғасыр-дың
30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд
Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының
бірі Тоқы-Темірдің түқымдары
Махмүд
ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария
жерлері үшін Екіретүпте
болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады.
Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді
басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз
уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне
қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі — Мүстафа ханның әскерлерін
талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы
Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының
астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың
бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен
сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз
еді.
Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына
берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның
баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент — маңғыт Уақас би қол астына
берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас
Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ
қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның
төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді,
Сырда-
рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының
мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ
сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен
тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп
кетуіне әкеліп соқтырды.
XV ғасырдың
50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына
араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау
жорықтарын жү
ргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен
келісім
ге келуі ықпалын тигізді.

   Көшпелі
өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың әсерінен ыдырап кетеді.

Моғолстан мемлекеті XIV
ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі
иелікке — шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шаға-тай ұлысы қоныс еткен
Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып,
Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті
орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық
термині «моңғол» атауынан шыққан. «Моңғол»
есімі
Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда «моғол» деп аталып, жазылатын болған.
Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет
еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі — Болаттың қолында болған. Шыңғыс
тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің
айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы
хан тағына отырғызды.

Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан,
Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан
аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш,
Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді
аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен
XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы
бір хандық — Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы — Алмалық қаласы). Ол
Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін
қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы — Тоғылық-Темір
хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан
бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге
дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес
тай-
палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер),
керейт-
тер (керейлер), арғьшдар
(арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір
тайпалар-
дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы
бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!