Әбілғазы Баһадүрдің Түркі шежіресі және оның тілі слайд,презентация — Әдебиет
Әбілғазы Баһадүрдің Түркі шежіресі және оның тілі слайд,презентация
1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.
«Шежіре түрікмен» деп ат қойдық. Барлықтарыңызға мағлұм болсын: бізден бұрын түркі тарихын айтушылар өздерінің өнерліліктерін, дарындылықтарын халыққа байқату мақсатымен араб, парсы тіл сөздерін қосып, түркі тақпаққа, ырғаққа, қара сөзге айналдырған. Біз бұлардың ешқайсысын істемедік, өйткені бұл кітапты оқушы немесе оқығанды тыңдаушылар түрік болмақ, олай болса, олардың баршасы түсінетіндей етіп, түріктерге түрікше айту керек. Біздің айтқан сөзімізді түсінбесе, одан не пайда? Егер олардың ішінде оқыған, ақыл иесі, бір я екі кісі болған күнде де ол – түсінбеген көптің қайсыбіріне айтып жеткізер, міне, сондықтан жақсы да жаман да – бәрі түсініп, көңілдеріне ұялайтындай етіп айту керек. [2, 54 бет]
«Түркі шежіресінде» етістіктердің дара-күрделі, салт-сабақты, болымды-болымсыз түрлерінің қазіргі түркі тілдерінен, оның ішінде қазақ тілінен ерекшеленетіндей айырмашылықтары кездеспейді.
Өзге сөз таптарынан етістік жасайтын жұрнақтардың «Шежіреде» кездесетін өнімділері –ла/-ле, -ар/-ер, -а/-е (ау+ла, баш+ла, йаш+ар, көш+е+тін, көз+ле).
Мысалы: Суда балық уа қырда киік жанда нәмерселерінің барчасын ауларлар ерді. Бұғдайны орған уақытда ачарлар ерді.