Әбділдә Тәжібаев Толағай слайд,презентация — Әдебиет
Әбділдә Тәжібаев Толағай слайд,презентация
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев « Толағай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау,
жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау;
Дамытушылық- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға
қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін,
көзқарастарын білдіруге қалыптастыру,
өз беттерінше ізденуге жетелеу;
Тәрбиелік — ұйымшылдыққа , өзін -өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін
тыңдап, бағалай білуге, қауымдасып жұмыс істеуге
Отанды елді сүйе білуге баулу.
Түрі: Сайыс сабақ
Тегі: Топпен жұмыс
Әдісі: психологиялық дайындық, ұжымдық оқыту, талдау –
жинақтау, проблемалық сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: сабақ бойынша слайдтар, тірек тақта.
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, өзін-өзі тану.
Қызығушылықты ояту
Қане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай
шығып, «Шаттық» шеңберін жасап тұра қояйық.
Енді бір- бірімізге бір –бір ауыз сөзбен жақсы
тілектер тілейік!
Тек біріміздің айтқанымызды,
екіншілерміз қайталамауға тырысайық!
Алақандарымызды ашып, көршілеріміздің айтқан
ақ тілегін қабылдауды бастайық!
Ұжымдық оқыту әдісі бойынша оларды
3 топқа бөлемін.