Абайла , бағдаршам балабақшадағы тәрбие сағаты

0

 

                      Абайла , бағдаршам !

                                                                             Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
                                         Байтугелова Г.Е. «Балауса» балалар бақшасы
                                                                    Жамбыл обл. Т.Рысқұлов ауданы.Құлан ауылы
Аулада бағдаршам , сызылған жол жолақшалары, жол белгілері , компьютер арқылы салынған суреттер,жол белгілер ұстаған және сол белгіге сәйкес киіеген балалар,жол полиция қызметкері ертеңгілікке өткізуге дайындалып тұрады.
Бастаушы:Қымбатты балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгімізді өткізгелі отырмыз.Көшеде қалай жүру керектігін , бағдаршамның түстері нені білдіретінін тағы бір есімізге түсіріп , сақтандырғанды жөн көрдік.           МЕРЕЙ:Арманға алда күткен асығамыз,
               Біз қалай толқып атпай басылармыз.
              Жол жүру ережесін жақсы біліп,
              Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
 НҰРБОЛ:.Жалғайтын достастырып бар елменен.
      Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
     Бүгінгі бізге келген қонақтарға
     Ойнымыз басталсын сәлемменен!
      Бастаушы:Бала-біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың,тәрбиешілер қауымыныңтөл міндеті десек те, осынау иаңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Олай болса , алғашқы сөз кезегін жол полициясы қызметкеріне береміз.

    Кездесу кезінде инспектор жол ережесін және жолдағы қауіпті факторларды ескертті:
    1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
2.Егер жолдан өтуге үлгермесең , орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..
3.Жолдан өтерде солға қара , ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
4.Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5.Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса , жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.
Бастаушы:Ал кәнеки, үйренейік біз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер бар кімің ?
Кім айтады жол белгісі неше түден тұрады?
Өздеріне қойылатын бұл алғашқы сұрағым. (Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады).
Бағдаршам:Қызыл көзін ашқанда
        Сынық сүйем баспа алға ,
        Сары көзін ашқанда ,
        Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда ,
Жүре бергін жасқанба!
 Сақтандыру , ескерту белгісі.
                                  Қып-қызыл үшбұрыш ,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп ,
Сәт сапр жолдаған
Тыйым салу белгісі. Қызылменен боялған шеңберлі , аумақты
Тыйымшыл белгімін , қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауып бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.
 Міндеттеу белгісі. Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда ,
Абай бол , шартымды міндетті орында!
Нұсқау белгіс:          Баратын.жеріңнің бағытын , тұратын ,
Үн-түнсіз жөн айтып , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады ,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Ішке мысық келеді.Қолында үзілген құйрығы , қорқып аулаға келе алмай тұрады.
Бастаушы:Келе ғой , мысығым бізден қорықпа ,
                   Жараңды жазамыз , жылама ,зарықпа.
Бастаушы ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып шипагер  Айболит атаны көмекке шақырады.
Ортаға шипагер ата келеді , балалармен амандасады.
Бастаушы:    Кішіге , үлкенге , жасына , кәріне ,
                       Жансая қиналған жандардың бәріне.
                       Шипагер атаны біз жақсы көреміз ,
                     Өйткені ол үлкен дәрігер !
Шипагер атай жайласып отырады , басын шайқап:құйрығыңды қалай үзіп алып жүрсің , қазір орнына келтіреміз ,-деп тігіп береді.
Мысық:Доп қудық көшеде  Қозы бар , лақ бар
             Көп өткен машина бірақ та.
             Кеп қалған машина басты да ,
             Добымыз жарылды доңғалақ астында.
            Достарым анда тұр , кіруге қаймығып.
Біреуі құлағын ұстап , екіншісі мүйізін ұстап аулаға келеді.Дәрігер көмек көрсетіп , ескерту жасап балалардан   жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды .
Бастаушы:Балалар , көшеде доп қуып ойнағанның ақыры немне бітерін байқаған боларсыңдар . Бір қуанарлығы өздері аман қалыпты.
Аулаға өкіріп аю келеді .
Бастаушы: Ататай , қараңыз мына бір сұмдықты ,
                    Маймаққа не болған , кім оны қынжылтты ?.
Шипагер ата: Маймағым , не болды , жасырмай айтшы өзің ?
                         Неліктен көкпенбек ісінген бас- көзің .
Дәрігер аюдың басын таңып ,бет-аузын сүртеді .
Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,
                               Сақтаңыз шыбындай жанымды..
                               Жармасып бал тасыр машина-қадаққа ,
                               Домалап түсті де , тап болдым азапққа.
Бастаушы:Аюжан , сенің түбіңе бал жететін шығар .
                   Балалар , жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?
Балалар: Жоқ , болмайды .
Аю:Кешіріңізші , Ата ! Енді ұрлық та жасамаймын , жолда жүру ережесін де бұзбаймын .
Бастаушы:Жолда жүреміз деп ,жолда жарақаттанған аңдарды көріп отырсыңдар.Ал өздерің не білесіңдер ?
Мақсат:Ашса кезек үш көзін ,
               Айтты деп ұқ үш сөзін.
              « Тоқта !»
               « Сақтан !»
               « Жол ашық !»
               Жүрме жолға таласып .
Инаят:Қызыл көзін ашқанда ,
            Бір қадам да баспа алға .
Нұрсұлтан:Сары көзін ашқанда ,
                     Қарап қалма аспанға .
Жасұлан:Жасыл көзін ашқанда ,
                Өте бергін , жасқанба..
Бастаушы:Балалар , бағдаршам және оның үш көзін біледі екенсіңдер .Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
1.Көліктің қаншасын жолынан өткізген ,
   Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
2.Ала таяқ ұстаған ,
  Жол тәртібін нұсқаған.
  Өміріңді ізетпен ,
  Ысқырығы күзеткен. ( Милиционер)
3.Жоқ өзінде бас та , ауыз да , құлақ та ,
  Бақырайған үш көзі бар бірақ та . ( Бағдаршам)
Ойын:Белгіңе қарап жолыңды тап.
Мақсаты:Жол белгілерді ажыратуды үйрету.
Бастаушы: « Светор-бағдаршам» әніне кезек берейік.
Хор: «Светофор-бағдаршам» ,әнін жазған Ғ.Тамендаров.
Бастаушы: Балалар жолда жүру ережесін өлең шумақтарымен
қорытындылайықшы..
Еңілік:Көшеде біз сақ болайық ,
           Қаймықпасын ата-ана..
           Жолда сен бол лайық ,
          Жақсы бала атына .
Салауат:Жолда жүру әліппесін ,                                                                                                .                   Білген жөн бес саусақтай .
 Сонда ғана жүре аласың ,
 Сен өзіңді сау сақтап .
Айғаным:Бүгінгідей мерекеде ,                                               Болғанымен көп айтар ән .
 Ережені , кел , екуміз ,
  Жаттайық бір қайталап .
Бастушы:Шуақты өміріміз күндей күліп ,
                  Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
                  Арманға сапар тарту мүмкін емес ,
                  Жол жүру ережесін білмей тұрып .
                  Қай көше , қалаға барсаңыз да,
                  Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да .
                  Жол жүру ережесі заңды тәртіп ,
                  Ол – ортақ !
                  Үлкен – кіші баршамызға !

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!