Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы сабақ жоспары

0
120
Сабақтың тақырыбы: Абай – ұлы реформатор.
Сабақтың білімділік мақсаты: А. Құнанбаев шығармашылығының қорытындылау, танымдарын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ана тілінің құдіретін таныту;
Дамытушылық мақсаты: Ой – өрістерін, таным – түсініктерін, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Көрнекілігі: А. Құнанбаев шығармаларының жинағы
Пәнаралық байланыс: География, тарих, орыс тілі
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, баяндау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Студенттерді түгелдеу.
Б) Сабаққа назар аударту.
2. Жаңа сабақ.
Абай – ұлы реформатор
Абай – қазақ әдебиетінің тарихында жаңа дәуірді бастаушы, ұлттық жаңа жазба әдебиетімізді негіздеуші ұлы классик ақын. Ол әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтерді және оны идеялық, эстетикалық тәрбие берудің құралы, өміртанытқыш қызмет атқаратын қасиетті өнер деп білді. Сондықтан, Абай өз өлеңдерінде бала тәрбиесінен бастап, тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағытындағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек – мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас ұлттың, тұтас халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң – мұқтажы, қажетті іс – әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде – бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас халық, тұтас ұлт туралы сөз қылды. Яғни, Абай өз халқының, өз ұлтының бойындағы жаман мінез – құлықты, еңбексіздікті, ғылымнан мақұрымдықты сынады. Ол өз халқын еңбекке, ғылымды меңгеруге, адамгершілікті болуға үндеді. «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» өлеңінде еңбексіз бос жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады:
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел.
Мұнда, Абай байды, байлықты сынамайды, керісінше кедейге: «Байға жалға жүр, еңбек ет, бос жүрме, сөйтіп, мал тап, мағыналы тіршілік ет», – дейді. Алайда Абайдың «жалға жүр» дегені байға қамқор болып отырғаны емес, кедей адал еңбегі арқылы байға жетсін деуі. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінде де бай мен кедейге деген бейтарап көзқарас бар. Бірін жақтап, екіншісін даттап отырған жоқ.
Абай – ұлы реформатор. Ол өзінің өлеңдері арқылы қазақ поэзиясына бұрын – соңды болмаған өзгерістер әкелді. Ол өзгерістер өлең ұйқасына, өлең тармақтарына, өлең бунақтары мен буын санына қатысты болды. Сондай – ақ, тақырыптық, мазмұндық жағынан да, табиғат көріністерін бейнелеуді көрсететін табиғат лирикасы, түрлі көңіл күй, ішкі сезімді жеткізуге арналған махаббат, т. б. лирикалар болып бөлінетін жанр түрі Абай шығармашылығы арқылы келіп, қазақ поэзиясын сапасы биік сатыға көтерді.
Абай шығармалары ұлттық сөз өнеріміздің көркемдік үлгісі ретінде орнықты.
Сұрақтар мен тапсырмалар беру.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Пән оқытушысы: С. Төлегенов

Дереккөз: http://bilimsite.kz/