Абай Құнанбаевтың Ескендір дастаны ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

Пәні: қазақ әдебиеті                              
Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны
Сабақтың мақсаты: 
білімділік – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; 
дамытушылық — оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; 
тәрбиелік — оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: «6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы, сұрақ — жауап, түсіндіру, талдап оқу, іздендіру, сатылай кешенді талдау, эссе.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, кино өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
б) сыныпты топқа бөлу
                     туған күндеріне байланысты бөлу. (жаз, күз, қыс, көктем)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?
3. Неліктен Абайдың Ахмет – Риза медресесіндегі оқуы қысқа болды?
4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал — мәтел сияқты нақылға айналып кеткен?
5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады?
6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды?

ІІ Қызығушылықты ояту кезеңі
1.“ой шақыру ” әдісі
(Таразы суреті)
Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту

 Абай атамыз:
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,- деген екен. 
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.

ІІІ. Жаңа сабақ
а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау 

Мұғалімнің мәліметі: Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір» күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту).

ә) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу.

б) «СКТ» (сатылай кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.

«Ескендір» дастаны
1. Авторы – Абай Құнанбаев
2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)

КУБИЗМ стратегиясы 
Суретте. Шығармадағы аталған тарихи тұлғалар. 
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) 
Зертте. Абай ақын туралы не білесің? 
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс) 
Бұл туралы ойланғанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау, сурет) Ақынға хат жазып көр. 

Дарынды мен талантты оқушыға тапсырма
Өз беттеріңмен ізденіп, тарихта болған А.Македонский туралы мәлімет дайындаңдар.(қажет болса, сыныптағы ғаламтор желісіне қосылған компьютерді қолдануға мүмкіндік беру)
Александр Македонский    Поэмадағы Ескендір
Қандай адам болған?
    

Еркін жазу стратегиясы «Қанағат- қарын тойғызар» 

ІҮ. Қорытындылау.
     Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.
     «Сиқырлы қобдиша» 
Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

IV. Сабақты бекіту

V. Үйге тапсырма: «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын оқу.
VI. Бағалау

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!