Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І Тарау АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль тәрбиесінің алатын орны
1.2 Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі еңбек, ақыл — ой тақырыбына байланысты айтылған ой-пікірлері
ІІ Тарау АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ: СИПАТЫ МЕН МАЗМҰНДЫҚ ТЕРЕҢДІГІ
2.1 Абайдың қара сөздерінің жазылуы мен жанрлық ерекшеліктері
2.2 Қара сөздердің сипаты мен мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады — дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай Құнанбаев мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі
А. Құнанбаевты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Жалпы Абай Құнанбаев шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. Абайдың ақындық мектебі деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов болатын. Бір пікірінде М.Әуезов былай дейді: Қазақтың басқа ақындығымен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы — Абайдың әдебиеттік мектебін жасады. Абай шәкірттері өз ұстазына әр алуан жақтарынан еліктеді. 1950 жылдары Абай мектебі тақырыбы кандидаттық диссертация болып қорғалды (жетекші — М.Әуезов, қорғаушы — Қайым Мұхаметханов).
А.Құнанбаев педагогикалық пікірлеріне, соның ішінде А.Құнанбаевқа ең алғаш 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы мақаласын, Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына педагогикалық талдау жасау барысында, алғашқылардың бірі болып, педагогикалық көзқарасын, сонымен қатар ақынның дінге көзқарасын философиялық-психологиялық тұрғыда зерделеген А.М.Құдиярова еңбектерін, М.Әуезовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен психологиялық көзқарастарын зерттеген А.Тайжановты, одан кейінгі кездерде Б.Р.Айтмамбетова, Б.Әбілғазиев, Г.З.Әбдрәсімова, А.Е.Дайрабаева, А.Елемесова, Қ.Ж.Жарықбаев, К.Ж. Ибраева, А.Көбесов, К.Қ.Құнантаева, А.Қартаева, З.Қабдол, Қ.Ж.Қожахметова, С.Қалиев, О.Р.Мұқажанова, Б.Майтанов, Р.Мұқажанова, А.Д.Мұханбетжанов, Ә.Нысанбаев, К.Сыздықов, Ж.Тұрсын, Г.И.Туретаева, С.Ізтілеуова, К.Шаймерденова, І.Р.Халитова т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген еңбектерін айтуға болады.
А.Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді Н.Алдабек, А.Айтбаева, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясова, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Молдаханов, А.Т. Тлеуханова, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады.
Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз курстық жұмысымызда Абай Құнанбаевтың көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық.
Зерттеудің мақсаты: А. Құнанбаев қара сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың сабақтастығын жүйелеп, педагогиканың үрдісіне ендіру.
Зерттеудің пәні: А.Құнанбаев қара сөздеріндегі педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Зерттеудің міндеттері:
— А.Құнанбаевтың әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындау;
— А.Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, педагогтық-ағартушылық, діни және гуманистік ой-жүйелеріне талдау беріп, қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;
— А.Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығын жүйелеу және мазмұнын құру;
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А.Құнанбаев философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу мәселесіне қатысты отандық және шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, білім беру тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы рухани-идеялар оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі және сауалнама, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.
І Тарау АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль тәрбиесінің алатын орны
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой
Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: «… құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», — деп қайыра түсінік беріп отыр…
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз…
Бес нәрседен қашық бол…, —
Бес нәрсеге асық бол, — деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады», — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Қара сөз туралы басқалардың ойлары
Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М.И.Фетисов Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева деген мақаласында әңгімені Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием Гаклия, деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.
Абайды публицист деп ең алғашқылардың бірі болып атап айтқан Х. Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері — нағыз публицистикалық шығарма дейді ол. Біздіңше, осы пікірлердің барлығы да Абай — публицист деген анықтаманың толық дәйектемесі бола алмайтын сияқты.
Абайдың публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген жаңалық ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз.
Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры — қазіргі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс көзқарас қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз Абай — публицист деп сипаттама беріп, осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы ғалымдарымыз ұлы тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай көріп, бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық.
Абай — публицист деп соқырға таяқ ұстатқандай ашып көрсетпесе де ұлы Мұхтар: Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын — қырық алтыншы сөз.Ол тарихтық мақала — очерк тәрізді деген пікірімен, Абайдың публицист болғанын аңғартады. Егерде Әуезов Абай — публицист деп астын сызып жазбаса, оның да өзіндік себеп-салдары бар деп ойлаймыз. Оның ең бастысы — публицистика деген атаудың төңірегінде күні бүгінге дейін қызыл-кеңірдек пікір сайысы жүріп, дау-дамай өрбіп дәл анықтамасы берілмеуінде деп білеміз. Бірақ бір анық нәрсе: қоғам дамуына үн қосып пікір білдіретін дәуір тынысын танытатын шығарма — публицистика. Ал ондай шығармалар Абай мұрасының негізгі бөлігін құрайды.
Мұхтар Абай публицистикасына баса ден қоймауына ақынның өз тұсындағы мерзімдік басылымдармен байланысы жөніндегі деректердің жеткілікті анықталмауы да себеп болуы мүмкін.
Соңғы отыз бес жылдай мерзімде Абайдың публицистік болмысына тоқталып, оның. шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың — публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал біз публицистік сарынды Абайдың.. бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселент кең көлемде зерделеген жөн деп есептейміз.
Абай — публицист. Оны публицист еткен өзінің ортасы, Абай дәуірінен көп бұрын басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан сананың мешеулігі, ұлтының талайсыздығы мен ұлтының талапсыздығы еді. Сондықтан да М.Әуезов оның қарасөздері жайлы әңгімелей келіп:
… Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, онны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді дейді.
Бұл біздің Абай жаратылысынан публицист, оның ақындық құдіреті публицистік болмысынан бастау алады деген ойымызды нақтылай түседі.
Белгілі ғалым Т.Қожакеев: Абайдың Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да, Сабырсыз, арсыз, еріншек, Менсінбеуші ем наданды, Қайғы шығар ілімнен, Қарашада өмір тұр, Бойы бұлғаң деген өлеңдерінде де ел ішінің бұзылуы, ондағы жікшілдік, баққұмарлық, алауыздық, өтірікшілік, өсекшілік, пайда іздеу ұрлық қылу, сұмдық-сұрқиялық істеу сияқты қасиетсіздіктерге қарғыс таңбасы басылған дейді. Міне, бұлар қоғамға, оның мүшелеріне баға беретін, сын айтатын шығармалар. Олай болса, публицистика дегеніміз осы. Бұл пікірді сәл өзгертіп ұлы Мұхтар да айтқан: Абай өскенде, ортасынан асқанда осы сияқты тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып танып барып өседі… барлық ақыл ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға жұмсайды. Осыдан кейін Абайдың публицист болмасқа амалы да жоқ еді.
Абай бір-ақ күнде, тек қарасөздерін жаза бастаған сәттен бастап публицист болды деудің қисыны келмейді. Әлемдік өркениеттің қайнаған ортасынан тысқары қалған жартылай көшпелі елдің топырағында кіндік қаны тамған болашақ классиктің көзін тырнап ашқаннан көргені көк бөрідей жұлқысқан, тіршілік үшін жаға жыртысқан айқастар еді. Оны таразылап, терісін-теріс, оңын оң деп обьективті баға беруге Абайдың ақылы тек орыс демократтарын оқығаннан кейін ғана жетті дегеніміз де ағаттық болар. Оның табиғи дарынын үстеуге Мұхаң көрсеткен үш арнаға қоса қоғамдағы әралуан қайшлықтар да белгілі дәрежеде ықпал жасағаны хақ. Ислам әлемінің үлкен қайраткерлерінің бірі Әли ибн Әби Талиб Мен өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен гөрі өздері өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтынын жиі байқадым деп айтуы тегін емес. Сөйтіп Абайға ең алдымен заманы ықпал жасап, публицист етіп өсірді. Оған дәуірдің ызалы, ащы сөзін айтқызды.
М.Әуезов: … Жаманшылықтың жайын жалтарып айтпай, Добролюбов үгіттеген жол бойынша ызалы шабытпен, тура шабуылмен айту керек деп ұғынады. Сондықтан өз бойындағы ажуа мен сатираға толып келген ызалы, толқынды ойларын Абай мысалсыз — ақ ашық, анық өлеңдерімен шығарады десе, ол да Абайдың-публицистігін ашық мезгегені.
Бұл арада М. И. Фетисовтың Абаевские назидательное рассуждения представляют классический образец нациальной публицистической прозы. Закладывая основы казахской демократической литературы, Абай чуткий по всем современным народным запросам, не мог, естественное, миновать и оперативных жанров не мог не использовать их для активного воздействия на сознаниее своих современников, на общественную жизнь в Казахстане деген пікірін келтіріп жатудаң өзі артық болар. Әңгіме болып отырған оперативті жанрларға тек Абайдың қара сөздері ғана емес, сонымен бірге, уақыт, қоғам тынысын білдіретін өлеңдері де жатады.[1]
1.2 Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі еңбек, ақыл — ой тақырыбына байланысты айтылған ой-пікірлері
Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары — қарасөз деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын- Қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала — очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқазерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында Ғақлиат тасдиқат деген атпен бөлекше көшіріліп жүретіндін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл — Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл -Жиырма бесінші сөз. Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың Отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерге тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде Отыз жетінші сөзден бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер Жиырма үш деп саналады. Анығында, Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 ж. ең алғаш Абай шығармаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылайша Отыз жетінші сөз деп мөлшермен, шартты бір шеңберге сыйғызған тәрізді. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда кеп екенін Абай оқушыларының бәріде біледі. Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психол., эстетик., пед. жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінше афоризм боп қалыптанған. Ал өз өлендеріне ауыссақ, онда осылайша жазылып және жұртқа молжайылып, нақыл-өсиетесебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмдерінің санын молайту керек. Еңақыры, осы тұста бөлек тексеріліп отырған қарасөздердің өздерінің кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар. Олар да Отыз жетінші сөзді көп тың мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоризмдерімен молайта алады. Осылайша, жалпы Абай қарасөздерінің ішінен Отыз жетінші сөзді де біраз ерекшелігін қарап, бөліп шығардық. Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық себебінен және өзге сездерде әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп, қайталайтын болғандықтан, бір бөліп шығардық. Онан соң Абайдың түгел өз сөзі болмағандықтан, аударма ретінде жиырма жетінші сөзді — Сократ сөзін бөлдік. Түр өзгешелігі бойынша Отыз жетінші сөз афоризмдер жайын жеке қарадық. Және Отыз сегізінші сөз — Ғақлиат — тасдиқатты бұрынғы барлық қолжазбаларда белініп жүрген ретімен жалпы қарасөздерден бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы ғылымдық мәселе болғандықтан, Қырық алтыншы сөз — тарихтық очеркті де бөліп атадық. Осымен жиыны он бір сөз, қарасөздер көпшілігінің қалпынан бізге басқарақ саналды. Содан арықалатын Абайдың анық қарасөз атты мұрасын алғанымызда, олар отыз бес сөзден құралған болады. Енді ең алдымен осы қарасөздің қалың тобын тақырып мазмундарына қарай арнаулы жіктерге бөле отырып тексеріп, танып көрейік.
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбірсырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың Круг чтения деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой Круг чтенияда оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді. Абайдың қарасөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қарасөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы — анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді; Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуахалдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады. Соңында тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлар бұның тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті елең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. Бұл ретте кейде ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді, түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады. Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдың, тәрбиенің қараңғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік Абайдың қарасөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін түтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қарасөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар көп болса, қарасөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ащы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қарасөздер орташа шындықты орташа халде тарады. Бұнда жалпы байкалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тану, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Ол тыңдаушыларды әрине Ғаклиат-тасдихаттағы оқушылар ғана деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені Ғақлиатты Абай өзінің касында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жаксы жастарына аса бір жылы жүректен ағалық өсиет етіп айтқан. Ал, көпшілік қарасөзде Абайдың көзалдында көрініп отырған тындаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайды аяп әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді. Осы себептен болу керек, қарасөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқаткандай болады. Енді осы жайларды жоғарыда біз бөліп шығарған отыз бес қарасөздің әр алуан жіктерінен, таптарынан нақтылап танып көрейік.
Жиыны барлық қарасөз, біздің аңғаруымызша, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталап, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ойжағынан бір алуандас болады. Ал кей тақырып, бір-бір қарасөзде айтылумен тоқтап отырады. Мыс, Бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Бұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерде оралмайды. Екінші сөзінде — халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достық көңілмен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек суйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпте, күндегі тірлікте көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады. Тақырып жағынан алғанда, Үшінші сөз де өзінше бөлек бір алуан. Бұнда казақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық өкімет туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын тынымсыз сойқаңды мінездерін әшкерелейді. Уақытша себі бола ма деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен дейді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтады. Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкімет сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады. Абайдың осы пікірі Герценнің Былое ду-масында жазылған соттар думасындағы пікіріне өте дәл келеді. Герцен Россиядағы параны құрту үшін халықтың көз алдында әшкере тергеу болатын болсын және бұрынғы третей соты қайтадан заңға кірсін деген.
Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді. Әсіресе халыққа күнделік іс-әрекеттерімен бейнет, дерт әкеліп отырған тергеушілік тәртіптің сорақылықтарымен алысуға кіріседі. Бұл жөніндегі Абайдың кемшілігі, қателігі Шоқанның бір кателік пікірімен үйлес келеді. Екеуі де ендігі билер ауыспайтын, өмірлік би бопсайлансын дейді. Бұл ескі феодалдық қалыпқа тартар еді. Төртінші сөздіңде тақырыбы өзінше бір бөлек шығады. Бұл өсиетте бұрынғы өлең сөзінде көп айтқан бір тақырыпты қозғайды. Онысы — күлкі туралы ойлаған ойы, сыны.
Бесіншісөз — қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық, қараңғылықтың салдарынан туатын мінді мінез, кемшін ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялменен сынап, айыптап түземек болады. Осы жоғарыда аталған бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, келесі Алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үгіттің арнаулы тақырыптары бірталай сөздерде қайталап отыратынын көреміз. Мыс, Алтыншы, Сегізінші, Тоғызыншы, Оныншы, Он төртінші, Жиырма үшінші, Жиырма алтыншы, Жиырма тоғызыншы, Отыз үшінші, Отыз тоғызыншы, Қырқыншы, Қырық бірінші, Қырық екінші және Қырық үшіншісөз сияқты үлкен бір топ сөздерінде Абай ел мінезін көптен-көп сөз етеді. Бұнда бірлік жөнінде, ол ақылды болыс-би сияқты ел әкімдерінің пара алмайтыны жөнінде кекету -әжуа айтылады (Алтыншы, Сегізінші сөздерде). Және де осы топта ол туралы толғанған ойдың ызалы ащы күйін уланған оймен көрсететін сөз бар (Тоғызыншы сөз).
Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу Он төртінші сөзде көрінеді. Ел мінезін сынайтын сышыл-реалист жазушы кйде бұрынғы өлеңінде қолданатын қатты сатираны да өзіне үлгі етеді. Қуаныш пен жұбаныш жайын аса ащы сатирамен Жиырма үшінші сөзде, Жиырма алтыншы сөзде айқын көрсетеді.
Жиырма төртінші сөзінде тағы да мақалды шенеу арқылы ел мінезіне үлкен сыншылдық жасайды. Және де кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, аздыратын салтты Отыз үшінші сөзде баяндайды. Осыдан соңғы бір топ толғаулар қазақтың бұрынғы өткен адамдарының мінезін сөз етеді. Халықтың даналық мақалдарын елдің қасиеті есебінде ақынның қадірлейтінін көреміз (Отыз тоғызыншы сөз). Ел мінезіне арналған сөздердің Қырқыншысы — тыңдаушысымен көзбе-көз әңгімелесу үстінде туғандай, Жазушы кеп сүрақтар бере отырып, қазақ қауымындағы адаммен адам арасындағы қарым-қатынасты қатты сынай сөйлейді.Жәнеде елмінезіне арналған Қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жайттер қайта қозғалады. Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ деген арманды ой туады. Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осыған тән сөздердің бір алуаны (Қырық екінші сөз) жұмыссыздыққа арналады. Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу жеке адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады. Осы бір топ сөздердің ең соңғысы Қырық үшінші сөз — алғашқы жолдарында Абай санасындағы дуализмді көрсеткенмен педагогик., психол. үлкен жүйрік ойды танытады. Қарасөздер ішіндегі көлемі үлкен, кенеуі мол сөздің бірі де осы деуге болады.
Енді бір бөлек тақырып боп, Жетінші сөз оқшаулау көрінеді. Ол — жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.
Өзге карасөздерден және де өз тақырыбымен оқшауырақ тұратын Он бірінші сөз — ұлық турасынан басталып, үлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі болып отырған азамат жазушы жаңағыдай үлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді.
Бүл тексерілгендерден бөлек қарасөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып — дін менен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: Онекінші, Он үшінші, Жиырма жетінші, Отыз бесінші, Отыз алтыншы, Отыз сегізінші және Қырық бесінші сөздерде.
Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жайын сөз етеді (Онекінші, Он үшінші сөздер). Бірақ, сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі — адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz