Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға слайд,презентация — Әдебиет
Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға слайд,презентация
тәрбиелік: аңшылыққа деген қызығушылығын ояту арқылы табиғатты сүюге, қастерлеуге баулу; татулық, жомарттық секілді адамгершілік қасиеттергетәрбиелеу.
Әдістері: 1) Ауызша баяндау әдісі
2) Иллюстрациялық әдіс
3) «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
4) Мультимедиялық оқыту
5) Салыстырмалы әдіс
6) Жұптық технология
7) Іздендіру әдісі
8) Жекелеп оқыту технологиясы
9) Шаталовтың «Тірек — сызба» технологиясы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
(оқушылармен амандасу, түгендеу, құрылғыларды іске қосу)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет.
2. Махамбеттің досы Исатайға арналған өлеңдер.
3. «Тарланым» өлеңін жатқа айту.
Абай – ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпаны, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер- білімге үндеген ойлы ағартушы.
Лирикалары. Табиғат лирикасына арналған өлеңдерімен таныстыру.
(схема жалғанды).
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің
Сонар – қар жауған соң аңның ізін қуып аулау.
Ғанибет – қызықты көңіл көтеру.
Томаға – бүркіттің бас қабы.
Қырымнан – алыстан.
Қаса сұлу – нағыз сұлу.
Қырық пышақпен қыржыңдау – түлкінің тісін қайрап, айбат шегуі.
Сегіз найза – бүркіттің болат тырнағы.
Үйірімен үш тоғыз – кәде түрі, олжалы бол.