Абай Құнанбаев Отыз бірінші(31) қара сөз слайд,презентация — Әдебиет

0

Абай Құнанбаев Отыз бірінші(31) қара сөз слайд,презентация

 

 

 

          Абай өз шығармаларының 
                бір алуанын қара сөз түрінде жазды.

Қара сөз- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы.Қара сөздің   
                      өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы 
                   еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды.
         Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде 
  проза жанрының дамуына із салған  
      жаңалық болды.Қазіргі заманғы проза 
        жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б 
          қара сөздің жан- жақты дамыған үлгілері 
    болып табылады.
    Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: 
әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші- 
сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,
 көңілденіп,тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші- 
сол нәрсенің ішінен бірнеше уақыт қайтарып 
ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші- ой кеселді 
нәрселерден қашық болу керек. Егер бір кез болып 
қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз 
салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, 
я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- 
күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
   Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.
    Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. 
   Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!