Абай Құнанбаев 1845-1904 слайд,презентация — Әдебиет

0

Абай Құнанбаев 1845-1904 слайд,презентация

 

 

 

Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Абайдың әкесі —  Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде   қажы атанған. 
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
Абайдың әжесі —  Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
 
Анасы Ұлжан – ұстамды,  мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.

Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.   

Абай әжесімен бірге:  
“Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап,  әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.      

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза  медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!