Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі слайд,презентация — Әдебиет

0

 

Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі слайд,презентация

1.    Екі ақынның өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық үндестікті таба білуге үйрету
2.     Абай мен Ахметтің сыншылдық және ағартушылық идеяларының асыл арқауы  —  өмір шындығында жатқандығын білдіру
3.     Ұлы тұлғалардың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын және ағартушылық еңбектерін оқи отырып, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерінен үлгі алу, әдебиетті сүюге машықтану.

        1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау
2. Мұғалім сөзі:
Оқушылар, бүгін әдебиет пәнінен сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша өтетін сабағымыз халқымыздың біртуар перзенттері, елім деп еңбек етіп, бар өмірі мен білігін сарп еткен дара тұлғалар — Абай мен Ахмет атымыздың еңбектерін тереңдете, мұқият оқуға арналып отыр. 

Танып оқы
1-тапсырма
1. “Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп – төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі- қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы- халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы – араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы. Үшінші үлкен өнер, мол азық алған зор саласы-орыс халқының мәдениеті және сол арқылы танып білген Еуропа мәдениеті”
Сұрақ: Кімнің сөзі, кім туралы?
2. Қамқор анам, анашым! Балаң мал ұрлап, кісі өлтірген жоқ. Айыбым жасымнан халқымның қамын жеп, жарық күндерге ұмтылдым. Адам боп туған соң, адам ісін істеуге талпындым. Сол үшін тар қапас абақтының бөлмесіндемін…
Сұрақ: Кімнің сөзі, қай өлеңінің мазмұнынан алынған?

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!