Абай бол, жас дос ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

«Абай бол, жас дос»

Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері.

Барысы.
Залға сап түзеп әр сынып оқушылары музыка ырғағымен кіреді. Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Абай бол, жас дос» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміи.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртәп – 
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Жиынымыз басталсын сәлемменен.

1-жүргізуші: Оқушыларға сөз кезегін берейік.

І топ. «Бағдаршам».
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.

ІІ топ: «Жол белгілері».
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл!

ІІІ топ: «Жүргізуші».
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік!

ІҮ топ: «Қиылыстар».
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменнен.

Хор: «Бағдаршам».

І топ. «Бағдаршам».
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды).
1    — оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмағын.

2    – оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3    – оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 

4    – оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5    – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б.қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. 
6    – оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. «Жол белгілері».

1 – оқушы: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.

2 – оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3 – оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін бар ма тағы сұрағың.

4 – оқушы: Белгімін көсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шыңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті,
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5 – оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

ІІІ топ. «Жүргізуші».

1 – оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.

2 – оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.

3 – оқушы: Есігінен артқы,
Көлікке сен мінген.
Дәл осы бір сәттен,
Құлағыңды тіккен.

4  — оқушы: Кезекте сен әлгі,
Артқы есіктен кірген.
Енді есіктен алға,
Түсеріңді білген.

ІҮ топ. «Қиылыстар».

1 – оқушы: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.

2 – оқушы: Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.

3 – оқушы: Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.

(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады).

2 – жүргізуші: Ойын жүргізуші алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды. 

Ойын шарты:
1)    Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді. 
2)    Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3)    Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

1 – жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
2 – жүргізуші: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.

1 – жүргізуші: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

Мұғалім: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Міне, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.

Ән: «Анадай асыл мектебім».

2 – жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас қыранбыз!

1 – жүргізуші: Басталар әр қадамың аттауменен,
Өмірге қол созады әрбір көше
Жол жүру ережесін сақтауменен.

2 – жүргізуші: Жолда жүру әліппесін,
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

1 – жүргізуші: Жыламасын аналар,
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар, балалар!
Сақ жүріңдер көшеде!

2 – жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Осымен «Абай бол, жас дос» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!