Әә дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Әә дыбысы және әрпі

 

Даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»    Күні: 
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекет түрі: Сауат ашу және жазу 
Тақырыбы: Әә дыбысы және әрпі
 Мақсаты:  1.Білімділігі: Әә дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың  ұшқыр ойлау  қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3.Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: әріптің баспа және жазба түрі,  дыбыстық киіз үй, кеспе әріптер, қима буындар, суреттер
Әдістері:  түсіндіру, сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ, сөзжұмбақ, ойын
Пәнаралық байланыс: Математика,тіл дамыту, сурет
Әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалар іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
    Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн бізге,
Сәттілікке толсын,
Біздің алар бағамыз,
Кілең жұлдыз болсын!

    Балалар шаттық шеңберін қимыл арқылы орындайды.

Ұйымдастырушы- ізденіс кезеңі
     Оқу іс-әрекетті өлең арқылы бастаймын.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
 Мөлдір судай таза көңілмен 
Бүгінгі сауат ашу сабағымызды бастаймыз.
-Ал, балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста далада қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай мерекелерді білесіңдер?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қане, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
а) Жұмбақ жасыру.
Бұрап қойған сағаттай, 
Айғайлайды таң атпай.    
-Алғашқы естіліп тұрған дыбыс қандай дыбыс екен?
— Ендеше бүгінгі сабағымызда ә дыбысы және әрпімен танысамыз.
Ә дыбысы ә әрпімен таңбаланады. Ә әрпі сөздің басында және ортасында кездеседі.
ә) Ә әрпімен танысу. (баспа, жазба түрімен таныстыру: баспа түрі кітаптарда, көшедегі жарнамаларда, теледидарда кездеседі, дауысты дыбыс: себебі, құлаққа созылып және жіңішке естіледі). 
Ә әрпін кассаға салу. Ә дыбысы қызыл киіз үйдің тұрғыны.
б) Сөз ойлау, буынға бөлу 
в) «Әке» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
г) Ә әрпін алдымен тақтаға жазып көрсетемін; балалардың қолын жаттықтыру үшін ауада жазу, дәптерге жазып, үйрену. Дәптерлерін таратып беремін. 
              Дәптерлерді ашайық,
             Қолға қалам алайық.
             Әріптерді тізбектеп,
             Әдемі етіп жазайық.
 Оқушылардың дәптерге таза әрі әдемі жазуларын қадағалаймын.
Сергіту сәті: Таң әлі атқан жоқ,
                         Маңай әлі қараңғы.
                        Әтеш ерте оянып,
                        Жан-жағына қарады.
                        Орынынан тұрады,
                        Қанаттарын қағады.
                       «Ку-ка-ре-ку» тұр-тұрлап,
                       Оятады баланы.
«Кім жылдам?» ойынын ойнату.
Сандардың өсу реті арқылы әріптерді дұрыс орналастырып, сөздер табу.
ІҮ. Сабақты бекіту:
«Жақсы кітап —  Әліппе, үйретеді әріпке» деп «Әліппе»  атты сөзжұмбақты  шешеміз.
1.    Әкеңнің анасы саған кім болады?      (әже)
2.    ешкінің төлін ата?                        (лақ)
3.    Тышқанның үйін не дейміз?            (ін)
4.    Ірі жануар қандай жануарды айтамыз?   (піл)
5.    Жеті күн қалай аталады?   (апта)
6.    Шай ішетін ыдыс түрін ата?   (кесе)    Балалар мұғалімді тыңдайды.

Қыс мезгілі
Қыста қар жауады,айнала аппақ түске боялады
Жаңа жыл мерекесі болады. Жаңа жылда  аяз ата келеді.

Әтеш 
Ә дыбысы.

Ә дыбысын қызыл киіз үйге  салады.
Ә-же, әң-ге-лек, ә-ке, пә-тер, әй-нек, әт-кен-шек, ән-ші, т,б сөздер табады.
«Әке» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Ә дыбысын ауаға және тақтаға жазады.

Сергіту минутын қимыл арқылы орындау.

Балалар ойынға белсене араласады.

«Әліппе» атты сөзжұмбақ шешеді.
Іс-әрекетінің бағалау кезеңі
    Ү. Қорытынды:
1) Біз қандай дыбыспен таныстық?
2) Ол қандай дыбыс?
ҮІ. Мадақтау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды жұлдызша таратып мадақтаймын.

  Күтілетін нәтиже:Балалар Әә дыбысымен толық танысты
Қандай түсініктерді игерді: Топпен жұмыс жасауды, бір-біріне көмек беруді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөзден сөйлем құрауға, буынға бөлуді, суреттермен жұмыс жасауды, әріпті  жазуды үйренді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!