9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий — Қазақша сценарийлер

0

Жеңіс күніне
арналған сценарий

Гульмира
Шарипова

Автор:

Гульмира
Шарипова

Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға
дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы
Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:
Ұлы Отан сғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар.

 

Өтілу
барысы: Сынып ішін безендіру.

 

Мұғалім:

 

-Тарих кеші
үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар
болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың
қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр
ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді
дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі
Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырдабұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Міне, содан бері 65 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы.

 

 

 

Үнтаспадан:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып
келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау
кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

 

Соғыс туралы
музыка ойнап тұрады.

 

1-оқушы:

 

Бұлт түнеріп
аспаннан

 

Талмай
көзден жас тамған

 

Тұтқиылдан
жау тиіп

 

Қырғын соғыс
басталған

 

2-оқушы:-
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады.
Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс
басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

 

3-оқушы:

 

Соғыс жалмап
аға-іні бауырды,

 

Зар жылатты
тыныш жатқан ауылды.

 

Жалғызынан
айырыпты ананы,

 

Әкесінен
айырыпты баланы.

 

4-оқушы:-
Осы соғыста Кеңес Одағының басқа 
республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай
шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына

 

1 млн. 870
мың қазақстандықтар болған.

 

Музыка ойнап
тұрады.

 

5-оқушы:

 

Туған жер,
өскен орта, байтақ дала

 

Махаббат,
ыстық жүрек құмарлана

 

Сүйеді
Төлегендей ер баласын

 

Баулыған
батырлыққа Отан-ана!

 

6-оқушы:

 

Ажал боп
төнген жауына,

 

Дауылды көктің
қыраны.

 

Оралды
Алатауына

 

Ерліктің  өжет бір әні

 

Таңғалтқан
батырлығымен,

 

Тарланбоз
Талғат ағамыз.

 

 

 

7-оқушы:- Ат
ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің
батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік
көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.

 

-Мәншүк әнін
орындау.

 

Мұғалім:-
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін
қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда
анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жылдың күз айы
болатын.

 

8- оқушы:-
Қымбатты әпкетай! Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді:
фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң
айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк.
Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр.

 

9-оқушы:Мәншүк
1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсие. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап
кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер
боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға
жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың
болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.

 

Елімді
қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы 
шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады.

 

10-оқушы:-Әлия
Казачиха деревниясы үшін  болған ұрыста
асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой
салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия
19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына
қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған  мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.

 

Сөйтіп,
Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас
етті.

 

11-оқушы: —
Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ
беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің
ерлігі аңызға айналды. Сонывң ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы
бар. Оның құрамынан шыққан

 

28 батырдың
батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік
Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

 

Мұғалім:-
Ұлы Отан соғысына қатысқандар.

 

12-оқушы:
Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан
Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде
«Батыр» деп жазды.

 

Осы аталған
батыр аталарымыздың ішінде Қасым Қайсенов, Рақымжан  Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов аталарымыз
біздің арамызда жүр. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге
жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас
иеміз!

 

13- оқушы:

 

Дәл  осынау жадыраңқы жай күні

 

Болса дағы
қай ғасырдың қай жылы

 

Ұлы Отаным
басым иіп бір минут,

 

Есіне алмақ
сол бір апат қайғыны

 

/1 минут
үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән естіледі/

 

14-оқушы:

 

Отанымыздың
байтақ жерін қорғады.

 

Ақ сүт
берген анасын қорғады.

 

Пәк жүзді
баласын қорғады.

 

Самал өскен
даласын қорғады.

 

Мұғалім:-
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.
Бірақ әкесін күте берді, күте берді

 

Ән: Соғыстан
қайтқан солдаттар.

 

 

 

Мұғалім:
Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

 

15-оқушы:

 

Естідім-ау
Жеңіс күнін

 

Дүрілдейді
көк пен жер

 

Күрескердің
арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен
мерекенің бұланы.

 

16-оқушы.

 

Тыныштық!
Жаса тыныштық!

 

Осы сөз
бізге тым ыстық.

 

Көркейе
берсін еліміз,

 

Көбейе
берсін ырыс-құт!

 

17-оқушы:

 

Бақытты
болсын балалар

 

Соғысты
сүймес адамдар.

 

Өркендей
берсін қалалар,

 

Гүлдене
берсіндалалар.

 

/ қол соғып,
орындарынан тұру/

 

18- оқушы:

 

Жеңіс келді
қалама

 

Жеңіс келді
далама,

 

Жеңіс келді
әке боп,

 

Жеңіс келді
ән болып,

 

Жеңіс келді
алақай!

 

Тоя жейтін
нан болып.

 

19-оқушы:

 

Жеңіс деген
жақсылықтың сыңары

 

Жігерленген
құштарлықтың құралы

 

Күрескердің
арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен
мерекенің бұланы.

 

20-оқушы:
Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының
батырларына бас иеміз!

 

Олар
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

 

Ақ сүт
берген анасын қорғады.

 

Самал ескен
жерін қорғады.

 

Пәк жүзді
баласын қорғады.

 

Хор: Ақ
көгершін

 

Мұғалім:
Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

 

Сынып сағаты
аяқталды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!