8-наурыз. Ал, қанеки, қыздар! Ашық сабақ
Сахнада «Адай» күйі ойнап тұрады. Оқушылар 2-2 ден шығады.
Ақгүл: -Армысыздар, арманы асқақ алқалы жұртым!
Ұлпан: «Адай» күйімен, «Адырна» аталып алдыларыңызға шығуымыздың да өзіндік мәні бар
Асыл: Иә, ұлттық рух сананың жаңғыру дәуіріндегі келешегіміздің кемелденуінің баспалдақтарына жасаған қадамдарымыз деп біліңіздер.
Айзада: Біріншіден, Адырна— садақтың оқ тіреп ататын тарамысы болса, біз де сол садақтың тарамысындай негізгі мықты роль атқарғымыз келеді.
Гүлайым: Екіншіден, адырна-көп ішекті көне музыкалық аспап. Яғни көненің көзі жаңарып, жаңғырса деген рухани ой.
Асыл: Және осы адырнаның ішектеріндей шертер күйіміз бір болып, Үніміз үндессін!
Ендеше:
Хормен: Жарқын болсын күніміз,
Бірге шықсын үніміз!
Аружан: «Әрқашан күн сөнбесін!» деп ән салатын пәк жүректі, ақ тілекті бастауыштың балғындарымыз
Бегімай: Өзіндік меніміз қалыптасқан, өз айтарымыз бар, көрсетер өнеріміз бар 3-ші сыныптың алғырларымыз
Қырмызы: Әлі де тәттіге құмар, тамағымыз тоқ, киіміміз көк, ата-аналарымыз үшін өсіп келе жатқан шалғындарымыз.
Асыл: Сәбилік тілегімізді әнмен жеткізуді жөн көрдік.
/ «Ассалаумағалейкум» әнімен/
Думанды бүгін, мереке күнім
Адырнаға балайтын
Сақтаған салтын, армысың халқым
Ассалаумағалейкум!
Күніндей нұрлы көктемнің
Адырна болып от бердік
Көңіл күймен, өнер сүйген халқыма
Ән сыйлайын деп келдік.
-Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! 3- ші сыныпқа электрондық почтамен құттықтау келді!
-Шын ба? Кімнен келді екен?
-Иә, Жаңа ғана Айдос аға айтты. Мен бұл құттықтауды Рай мұғалімге апарып келейін .
-Сөйт, бірге тыңдайық!
/Президент тілегі тыңдалады/
Ақгүл: Біз үшін осыдан асқан тілек жоқ-ау, сірә!
-Біздің сәби жүрегіміз /хормен/
-Отан деп соғады!
-Елім деп соғады!
-Атамекен деп соғады!
-Мектеп деп соғады!
-Халқым, жұртым деп соғады!
-Ата-ана, туған-туыс деп соғады!
Асыл: Осы сәбилік тілегімізді қабыл алыңыздар!
/Төреғали Төрәлінің «Қазақ қызға үйленем» атты әнімен/
-Сәбилік пәк тілекпен
Ізгілікті жүрекпен
Аман болсын ауылым
Салт дәстүрді түлеткен
Ән салайық, қосыла-ай
Қарап тұрмай досым-ай
Шеттерінен өнерлі
Қыздарымыз осындай!
қ/сы
Эх, бастауыш, қыздар-ай
Өнер көрсет, тұрмай-ай
Бас жүлдені алайық!
Мазақ болмай ұлдарға-ай
Қызық болсын, бұл қалай?
Бүгін біз қазақы дәстүрімізді, ән, күй, биімізді жаңғырту мақсатында «Адай» күйімен шығып, «Балбырауынның» бабымен қайтуды жөн көрдік. Кездескенше!
Дереккөз: bilim-all.kz