8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий, аналар мерекесіне арналған,

0
233

 

8 – Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийіБалалар музыкамен залға кіреді
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұрқұйып 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз: Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың

Ұл: Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Жүргізуші:
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары

Жүргізуші: Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:
Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Қыз:
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те күйші деп те айт оны

Ұл: Күлімдеген көктемге ана жайлы
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді

Ән:«Анажаным»

Көктем:
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін

(Гүлдер орынан тұрады.)

Бәйшешек:
Көктем гүлі бәйшешек
Мен боламын қараңдар
Наурыз сәуір айында
Мен шығамын жайқала

Қызғалдақ:
Қырқалардың төрінде
Қаулап көзге ұрамын,
Құлпыра жайнап өңірде
Қып қызыл боп тұрамын

Жауқазын:
Жауқазынмын жайқалған
Сұлу гүлмін жайнаған
Көктемде мен гүлдесем
Құлпыра кетер айналам

Раушангүл:
Әдемімін сұлумын,
Менен қай гүл аса алған
Мен боламын раушангүл
Гүл патшасы атанған