7 саны мен цифры балабақшадағы ашық сабақтар
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Білімділігі :7 санының құрамы туралы түсінік беру .Сәйкеc
теңдіктерді жазуды оқу,оларды пайдалануды
қалыптастыру.
Дамытушылығы : оқушылардың дүниетанымын ,ойлау
қабілеттерін дамыта отырып ,пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін жетілдіру,зейінін
қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: партада дұрыс отыруға тындай білуге ,адам еңбегін құрметтеуге ,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1-ден 7-ге дейінгі сандар ,түрлі-түсті суреттер ,үлестірме материялдар .
Түрі: Рольдік ойындар сабағы .
Типі: Дәстүрлі емес сабақ .
Әдісі: Сұрақ- жауап ,рольдерге бөлу .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсіндерме балалар !Оқу құралдарынды түгендеп ,түзу отырындар
ІІ кезең өткен тақырыпты қайталау .
— Балалар,біз сендермен бірге мына сандарды санап жіберейік :1,2,3,4,5,6,7
— Өте жақсы ал енді осы сандар туралы білетін санамақты қайталайық
1 дегенім –бесік 6 дегенім – ақыл
2 дегенім- елім 7 дегенім- жалау
3 дегенім –үміт 8 дегенім – сөзің
4 дегенім –төзім 9 дегенім- тоқтау
5 дегенім – бақыт 10 дегенім –Отан
Жарайсындар .
ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс
Олай болса ,бүгін осы 7 санының құрамымен танысамыз,жазамыз 7 санын ауада жазамыз .
Балалар күзде елдер бақтарынан не жинайды? (алма ,алмұрт)
Алманы қалай жинайды ? (Асықпай шіріп кетпеу үшін бір-біріне соқпай жинайды )
— Дұрыс ,ендеше біз де бүгін алманы мына екі себетке жинаймыз . Ағашта неше алма бар екен ?( жеті )
— Ал екінші себетте ше ? (үшеуін )
— Барлығы неше алма? (Жеті )
— Ал тағы қалай бөліп салуға болады ? ( оқушылар бірнеше тәсілдерге бөліп алмаларды алады )
Сергіту сәті: Бір,екі,үш жинап алып күш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІY. 1 тапсырма :Сандармен жасырынбақ .
Сандар жазылған карточкаларды жасыру
2 тапсырма : Көрнекілік арқылы түсіндіріп перфокарта арқылы жаздыру.
1+6 = 7 7 — 1= 6
2+5 = 7 7 — 2 = 5
3+4 = 7 7 – 3 = 4
7 — 2 = 5
3 тапсырма : Санамақ арқылы фигуралар жасау
Оқушылардан қандай фигура екенін сұрау
4 тапсырма : Ойлан , ізден , тап !
1. Бір аптада неше күн бар ? (7)
Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма ,сенбі, жексенбі
2. 5-ке 2-ні қоссақ неше болады ? ( 7)
3. 3 балыққа 4 балықты қоссақ неше болады ? (7)
Жарайсыңдар дұрыс жауап бердіңдер.
Y. Сабақты қорыту
Ауызша сұрақ-жауап ,тақтаға ілінген плакаттағы суреттер арқылы пысықтау
YІ. Бағалау:
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!