60-ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР — Тарих

0

60-ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

САЯСИ ӨМІРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.

Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты екі бет-бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.

Кеңес мемлекетін, ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды.  Кенестер рөлінің арта түсуі партияның XXII сьезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасында сондай-ақ қоғамның коммунистік құрылым кезеңіндегі саяси ұйымына сипаттама берілді. Онда әлемдегі тұңғыш социалистік   мемлекет   марксизм-ленинизм   ілімімен   толық сәйкестікте  дами  келіп,   өзінің  пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік тап-тардың  жойылуына,  социализмнің  толық және  түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына көшуіне байланысты мүндай диктатура кажет болмай қалды. Бұл объективтік  процестер  Кенес  мемлекетінің  жалпыхалықтық мемлекетке ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. Қоғамдағы осьндай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары,  техникалық  интеллигенция, ғылым    мен  өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына  енетін КСРО Жоғарғы  Кеңесі айғақтайтындай болып көрінді.  Еңбекшілер  бұрынғысьшша  жергілікті,   облыстық, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кенесінің тұрақты комиссияларына мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар    мен    елді    мекендер,    аудандар    мен    калалар мәселелерді    Жоғарғы    Кеңес пен  оның төралқасының карауына    әзірлеуге    катысты.    Мысалы,    1961    жылдың соңында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру женіндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және   емдеу-профилактикалық  мекемелері  қүрылысы жөнівде мәселе әзірлеп,  Жоғарғы Кеңес  сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ   жергілікті   жерлерде   өздерінің   көшпелі мәжілістерін өткізіп, Кеңестің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бакылау жүргізіп отырды.

1963 жылы республика Жоғарғы Кеңесіне сайланған 473 депутаттың 158-і әйелдер болды. Қазак КСР-інің әр түрлі дәрежедегі еңбекшілер депутаттары Кеңестеріне 98806 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45,4 проценті КОКП мүшелері мен мүшелікке кандидаттары еді. Жергілікті Кеңестер жанында тұрақты комиссиялар, көше және махалла комитеттері, үй басқармасы жанындағы жәрдемдесу комиссиялары, жолдастық соттар, т. б. тәрізді көптеген ұйымдар коғамдық негізде жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары қалалық және аудандық Кеңестері жанынан штаттан тыс бөлімдер құрылып, оларға азаматтар жұмысқа тартылды.

Солай бола тұрғанымен, кеңес органдарының қызметі партиялық нормалар негізінде жүргізілді. Кеңестер жұмысы екінші дәрежелі сипатта қала берді және олардың талқылауына көбінесе алдын-ала шешіліп қойған мәселелер ұсынылды. Бұл аздық етсе, Кеңестер құрамын жасақтаумен, кеңес аппаратьша кадрлар іріктеу және орналастырумен де партия органдарының өзі шұғылданды. Шынтуайттап келгенде, мемлекеттік органдар мен лауа-зымды қызметкерлердің жұмысын Кеңестер мен депутаттар емес, керісінше аппарат қызметкерлері бақылап, тіпті Кеңес депутаттарына әмірін жүргізетін жағдай қалыптасты.

Кәсіподақ және комсомол ұйымдарындағы жағдай да осыншалық кайшылықты болды. Қарастырылып отырған кезеңде кәсіподақ комитеттері өз қатарына миллиондаған адамдарды біріктірді. 1966 жылғы қаңтардың 1-інде кәсіподақтардың 4 миллион мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымдары халық шаруашылығы мәселелерін шешуге, социалистік жарысты ұйымдастыруға, жаңашылдар қозғалысына атсалысып отырды. Барлық шипажайлар мен демалыс үйлерін басқару 1960 жылдан бастап кәсіподақтардың құзырына берілді. Олардың колында еңбек корғаудың, әлеуметтік сақтандырудың көптеген мәселелері болды. 1961 жылдың соңында кәсіподақтардың қарамағына колхоз-совхоздардағы мемлекеттік клубтар, кітапханалар мен кинокондырғылар сияқты халыққа мәдени қызмет көрсету учаскелері де көшірілді. Еңбеккерлердің әлеуметтік-түрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі деп танылады. Өндірістік жоспарларды орындау, енбекшілерге тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында кәсіподақтар кәсіпорын әкімшіліктерімен ұжымдық шарттар жасай бастады. Кәсіподақ комитеттері ұдайы өткізілетін өндірістік кеңестер сияқты жұмыс түрлерін де пайдаланды. Бірақ кәсіподақтар көп жағдайда қосалқы функциялар атқарды және партия комитеттеріне бағынышты жағдайда болды. Олар жөнінде қалыптасқан «тұтқа», «қозғау тетігі» деген түсініктер де осыған сәйкес келетін.

60-жылдардағы екінші бір бұқаралық ұйым комсомол болатын. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы өз катарына 1 миллион жігіт пен қызды біріктірді. Өнеркәсіпте, көлікте, қүрылыста, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан астам комсомол мүшесі жүмыс істеді.

Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алу Қазақстан комсомолы жұмысының басты бір бағыты болды. Оның жолдамалары бойынша бұл құрылыстарға 8000-нан астам қыз-жігіттер жөнелтілді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыкқа алды. Жастардың спортты өркендетудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі өсе түсті.

Қоғамдық өмірді демократияландыру процесі басталғандығының арқасында шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. М.Тәтімов, Б.Төлепов, В.П.Осипов сияқты ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл жылдары Қытай Халық Республикасынан Кеңес Одағына 350000-ға жуық адам оралған, оның 200000-нан астамы Қазақстанға келген. Бұл адамдар Отанын сатпағанын, өктемшіл жүйенің құрбандығына шалынғандығын естен шығаруға болмайды. Репатрионттардың, яғни, оралмандардың құрамында қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр, т. б. көптеген ұлттардың өкілдері болды. Республика үкіметі жанадан келгендерді карсы алу үшін бірқатар шара қабылдауының нәтижесінде олар негізінен бір кезде кетуге мәжбүр болған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Бұл адамгершілік актісі болатын. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқталып қалды.

Қоғамның прогресшіл бағытта дамуына қоғамдық құрылымдардың қатып-семуіне, төрешілденуіне, демократияны тежеуге және 30—40-жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалуға итермелейтін, екінші бет-бағыттағы күштер мен процестер бөгет жасады. 60-жылдардың екінші жартысьшда бұл бетбағыт өмір сүріп отырған социализм мен оның үлгілерінің, басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің сақталуының арқасында күшейе түсті. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қойған жок, өйткені ұнамды бағытта өріс алған демократияландыру процесі экономика саласына ауысып үлгерген еді. Іс жүзінде бұрынғы бесжылдықтар ізденісін жалғастырған, 1965 жылы кабылданған шаруашылық шешімдері осыны  көрсетті.

1964 жылғы шешімдерден бастау алған саяси бағыт бұрынғы реформалар кезівде өзін-өзі актай алмаған көзқарастар аясында дүниеге келген еді. КОКП ОК-ніқ 1964 жылеы қазан пленумында партия мен ел басшылыеы ауыстырылды. КСРО Жоғаргы саяси басшылығының бір тобы Н. С. Хрущевті орнынан алуға аса құпия түрде дайындалды. Бұл төңкерісті ұйымдастыруда Л. И. Брежнев, П. Н. Игнатов, А. Н. Шелепин, М. А. Суслов және КСРО Мемлекеттік хауіпсіздік комитетінін төрағасы В. Е. Семичастный айрықша белсенділік танытты. Н. С. Хрущев 1964 жылғы қазанның 14-і күні демалып жатқан жерінен тұтқиылдан шақырылып алынған соң, КОКП ОК пленумы болып, онда М. А. Суслов Н. С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасады.

Бұл пленумның жұмысына бір топ қазақстандық коммунистер де қатынасты. Олардың ішінде Д. А. Қонаев та болды. КОКП ОК пленумы Н.С.Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінін төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.

Халық шаруашылығын басқаруда орын алған волюнтаризм мен әкімшілдікті айыптайтын бірқатар арнайы партиялық, шешімдер қабылданды. Алайда бұл құбылыс үшін Н. С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО бұдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан айығып кете алған жоқ.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!