60-жылдардағы шаруашылық реформалары | туралы қазақша

0

1961 жылғы 12 сәуірде Ю. А. Гагариннің ғарышқа ұшуы Кеңес Одағы өміріндегі ғана емес, адамзат тарихындағы үздік тарихи оқиға болды, ол ғылым мен техниканың орасан зор жемісі еді. Бұл күн адамзат тарихында ғарыш кеңістігін игерудегі жаңа кезеңді бастады. «Восток-Г кораблі ежелгі қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

Бұл кезде дәстүрлі бесжылдық орнына жетіжылдық (1959-1965) жоспар жасалынған-ды. Онда түсті металл өндіруді одан әрі көбейту, Қарағанды металлургия зауытында жаңа өңдірістік қуаттарды іске қосу, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатыңың құрылысын аяқтау, сондай-ақ Екібастұз бассейнін игеру көзделді. Энергетиканы озық қарқынмен дамыту, Павлодар машина жасау зауытьшың қүрылысын жеделдету, Ақмоладағы «Казсельмаш» зауытын ұлғайту міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай алаңдатты: егіншіліктің шығымдылығы мен мәдениеті төмендеді, малдың барлық түрлерінің саны азайды.

Баспасөзде миллионер колхоздар жайында даңғазалық, айқай-шу етек алды. Шын мәнінде көбі мемлекетке миллиондаған сом борыштар еді, олардың кешірілуін, жойылу кезегін күтіп отырған, жалпы табысы миллионға жеткендер миллионер болып саналды. Ал оған жету үшін қанша шығын шығарылды? Колхоздар өнімінің өзіндік құнын есептегенде оның көпшілігі, тіпті жоғары жетістік ретінде Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қойылған түрлерінің өзі іс жүзінде залалды еді. Оларды сатып алудың бағасы кейде жұмсалған шығынның оннан бір бөлігін де жаппаған. Мысалы, картопқа төленген ақы оны дайындау пунктіне жеткізуге жұмсалған шығынды ақтамаған.

60-жылдардың басында ел экономикасындағы жағдай күрт өзгере бастады. Қоғамға басшылық ету практикасында субъектавизм мен волюнтаризм өрши түсті, Кеңестердің рөлі төмендеп кетті. Партиялық құрылымдар мен басқару органдарының қызметінде формализм, бюрократизм, көзбояушылық, даурықпалық элементтер айқын көріне бастады.

1964 жылы қазанда Н. С. Хрущев орнынан алынды. Бұған, әрине, объективті себептер де болды. Олар: халық тұрмысының күрт төмендеп кетуі, азық-түліктің көптеген түрлері бойынша жабдықтау мүмкіншілігінің болмауы. СОКП ОК бірінші хатшысы (көп ұзамай бұл лауазым Бас хатшы атанды) болып Л. И. Брежнев, Жоғарғы Кеңес алқасының төрағалығына Н. А. Подгорный сайланды, үкіметті А. Н. Косыгин басқарды.

60-жылдардың ортасына қарай өнеркәсіп пен құрылысты басқару жүйесіндегі кемшіліктер бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың формалары мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмей, олардың дамуын тежеді. 60-жылдардың екінші жартысында Үкімет басшысының инициативасымен шаруашылық реформаларына дайындық жұмыстарының жүргізілуі кезінде оған үлкен үміт артылды: кәсіпорындардың қызметін жоғарыдан егжей-тегжейіне дейін белгілеу жойылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғайтылды. Сонымен бірге шаруашылық және жоспарлау органдарынан неғұрлым көбірек оралымдылық пен икемділік, пайда, баға, сыйлық, несие секілді аса маңызды экономикалық тұтқаларды қолдану талап етілді.

Жұмыстың табысты болуы енді ресурстарды ұтымды пайдалану, өндірісті халықтың өскелең қажетсінулерімен ұштастыра білу, шаруашылық есепті нығайту, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске жедел енгізумен тікелей байланысты болды.

1969 жылға қарай 13 министрлік пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді толық аяқтады. Жаңа жүйе бойынша жұмыс істеген кәріпорындар өткізген өнімнің 30%-тен астамын, ал көмір өнеркәсібінде 90%-ке жуығын және пайданың 95%-тен астамын берді. Әсіресе химия өнеркәсібі жедел қарқынмен дамыды, оның жалпы өнімінің көлемі 2,4 есе ұлғайды. Одақтағы анықталған фосфориттің 30%-і Қазақстанның оңтүстігінде шоғырланған, жалпы Одақта өндірілген фосфордың 90%-ін осындағы зауыттар берді.

Республикада машина жасау жедел қарқынмен дамыды, оның көлемі 1,6 есе, ауыл шаруашылық машиналарын жасау 2 есе ұлғайды. Павлодар трактор зауыты жұмыс істей бастады, «Казсельмаш» зауытында егіншілік пен мал шаруашылығындағы жұмыстарда механикаландыруға арналған жаңа машиналар мен жабдықтар шығарылды. Сала өнімі жаңартылды: 1966-1970 жылдары машинаның 300 түрін жасап шығару игерілді.

Энергетика ілгері аршынды адым жасады, 6 днепросэске тең энергетикалық қуаттар қатарға қосылды. 1970 жылы 34,6 млрд. квт. сағаттан астам электр энергиясы өндірілді.

Жеңіл өнеркәсіп жалпы республикалық өнеркәсіп өнімінің 16%-іне жуығын өндірді. 14 ірі кәсіпорын, соның ішінде Алматы мақта-мата, Жамбыл былғары-аяқкиім комбинаттары іске қосылды. Сала бесжылдықты мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 206 млн. сомның өнімін шығарды.

Тамақ өнеркәсібінде де ілгері басқандық байқалды, 48 жаңа кәсіпорын салынып, өнім бере бастады.

Өнеркәсіптің табыстары қуанарлықтай болғанымен, ауыл шаруашылығындағы жағдай алаңдатушылық туғызған. Үздіксіз жүргізілген қайта құрулар колхоздар мен совхоздар мүмкіндіктерін жеткілікті пайдаланбау, жоспарлаудағы қателіктер, жергілікті жағдайларды, агрозоотехникалық ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерінің өндіріске дер кезінде енгізілмеуі, ауьш шаруашылығы қызметкерлерінің көп жылғы озық практикасын ескермеу, жоғарыдан үстірт нұсқаулар беру, т.б. егіншілік мәдениеті дәрежесінің төмен болуына салқынын тигізбей қоймады. Осының бәрі ауыл шаруашылығын 50-жылдардың екінші жартысында қолы жеткен табысынан айырылуына әкеліп соқты.

КОКП ОК наурыз (1965 ж.) Пленумы халық шаруашылығының осы бір өмірлік маңызды саласындағы жағдайды талқылап, шаралардың тұтас бір жүйесін белгіледі, оның ең бастысы ауыл шаруашылығына берік экономикалық негіз жасау көзделді: күрделі қаржы көлемін көбейту, материалдық-техникалық базасын нығайту, кеңшарларда шаруашылық есепті енгізу, рентабельділік деңгейін көтеру.

Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алудың неғұрлым жоғары бағасы белгіленді. Осындай шаралардың жүзеге асырылуындағы алғашқы қадамдар игі нәтижелерін бере бастады: 1965 жылы қуаңшылыққа қарамастан, кеңшарлар мен ұжымшарлар мемлекетке мал шаруашылығы өнімдері, мақта және көкөніс жөніндегі жоспарлы тапсырмаларын асыра орындады.

Шаруашылық реформалардың көптеген маңызды принциптері жүзеге асырылып жатты. Мұның өзі экономикадағы жағдайды жақсарта түсті: 1965-1967 жылдары ұлттық жалпы өнім жылына 8%-ға, ал халық тұтынатын тауарлар өндіру 10%-ға ұлғайды. Осы жылдары ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жылына 4%-ға артып отырды.

Сегізінші бесжылдықтың жоспарлы тапсырмаларының асыра орындалғаны — шаруашылық реформаларының оңды қорытындысы. Бұл бесжылдық ел тарихындағы бесжылдықтар ішіндегі ең нәтижелілерінің бірі ретінде саналады. Осы жылдары қоғамдық өнім көлемі 15 есе өсті, өнеркәсіп өндірісінің өнімі 1,6 есе ұлғайды. 1970 жылы өнеркәсіп өнімінің 70%-і өндірістің тиімділігін арттыру есебінен алынды, 1965 жылы ол 40% еді. Бесжылдықта оның алдындағы онжылдықта өндірілген өнім шығарылды, ұлттық табыс 41%-ға ұлғайды.

Республика ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің бірегей қоймасы атанды, осы жерден Одаққа әрбір бесінші тонна астық, төртінші тонна жүн, он екінші тонна т.б. жеткізіліп тұрды.

60-жылдардың екінші жартысында Қазақстан қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінің ірі орталығына айналды: КСРО-да өндірілген мыстың, мырыштың, қорғасынның 30-дан 70%-ке дейінгісі соның үлесіне тиді.

Дегенмен көп ұзамай экономиканы дамыту қарқынының баяулауы сезіле бастады, өйткені 1965 жылғы реформалардан кейін ескі залалдар сақталып қана қоймай, оларға жаңалары қосылған. Құнды бағалаудың жаңа көрсеткіші -өткізілген өнімнің көлемі немесе жай ғана өткізу тәртібі сол кезде-ақ енгізілген болатын. Тағы да жалпы (тауарлы) өнімді көп шығару жоспарланды, себебі ол енді кәсіпорынның (бірлестіктің), Бас басқармалар мен тұтас саланың жұмысын бағалайтын өлшемге айналды. Экономикалық көрсеткіштердің барлығы соған «байланды». Қол жеткен деңгейге қарай жоспарлау жағдайды одан әрі ауырлата түсті. Көрсеткіш жоғары болған сайын алдағы уақытта одан да жоғары көрсеткішке жету жоспарланып отырды.

Ғылыми-техникалық серпінділіктің жетістіктерін өндіріске енгізіп, ұқсас бүйымдарды арзан етіп шығарудың қажеті болмай қалды. Түрлі сылтаулармен, кейде ақылға қонымды сияқты себептермен арзанға түсетін жаңалықтардың орнына неғұрлым қымбатырақтары енгізіліп жатты. Оның өзі мардымсыз еді.

Күрделі қаржының басым көпшілігі техника мен технологияны жетілдіруге емес, барған сайын жаңа құрылыс салуға жұмсалды. Осындай инвестициялық саясаттың салдарынан жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді игерудің мерзімі алшақтай берді. Оньщшы бесжылдықтан бастап өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының басым көпшілігінде өнімнің өсуі тек қана жаңа қуаттарды іске қосудың есебінен болды. Ұлттық табыстың жалпы өсуіндегі интенсивті фақтордың үлесі 1960 жылы 40% болса, 1980 жылы ол 25%-ға дейін төмендеді.

Сөйтіп 1965 жылғы реформалар 70-жылдардың басындаақ өзінің позицияларынан біртіндеп айырыла бастады. Қол жеткен деңгейден одан әрі өрлеу барған сайын қиындады әрі күрделілене түсті. Оған өндірілетін өнімді қымбаттату есебінен ғана жету мүмкін еді, сөйтіп оның әр түрлі амалы іздестірілді. Аты шулы жалпы өнім шығару әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық өрісін жайлап алды.

Жағдай осылай болса да Хрущевтің кезіндегідей, енді Л. И. Брежневті дәріптеу барған сайын кең өріс алды. Қызметі мадақталған сайын наградалар да қардай борады, олардың саны бұрын-сонды құлақ естіп, көз көрмеген деңгейге жетті. Сол кездегі мемлекеттің тарихында Брежнев тұңғыш рет бейбіт уақытта маршал атанды, төрт Кеңес Одағы Батырының және Еңбек Ерінің алтын жұлдыздарын омырауына қадады. Оған 8 Ленин орденін, 11 басқа ордендерді қосу керек. Мүның үстіне бейбітшілік заманында ол тек соғыс кезінде берілетін, Жеңіс орденімен наградталды.

Кеңес адамдары наградаларында моншақ тағынған көсемнің: «Дұрыс жолмен жүріп келесіңдер, жолдастар!» деген батасымен халық шаруашылығының болмай қоймайтын дағдарысы ағысының қатты иіріміне қарай сүңги берді. Саяси бюро мүшелері, ОК хатшылары өздерінің экономиканы басқарудағы дым білместіктерін бүркемелек болып, үсті-үстіне жаңа ақша шығарумен айналысты, ал мұның өзі ақша айналымы заңының бұзылуына әкеліп соқты. Осы заңның бұлжытпай сақталуы арқасында ғана ел соғыстан кейінгі өте-мөте ауыр жылдары талай бәледен құтылған болатын.

Жарамсыз өлшемдер мен шикілікті еңбек ақыны жоспарлауды қолдану ұлттық байлықты барған сайын ысырап етуге жол ашты. Нақты өнім шығару арттырылмай-ақ, оның көлемін ұлғайтудың сан алуан жолдары мен әдістері ойдан шығарылып жатты. Мынадай ақылға қонбайтын жағдай орын алды: ысырапшылық көбейген сайын қоғамдық өндірістің тиімділігі «жоғары» саналды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рысбай К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. – 368 б.

#60жылдардағы #шаруашылық #реформалары