5 санының құрамы балабақшадағы ашық сабақтар
БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Тәрбиеші: Майгүл Матайқызы Жексенова, Кентүбек ауылы, «Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Топ: Ортаңғы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Қарапайым математика.
Тақырыбы: «5 санының құрамы»
Мақсаты: Көлемі бойынша заттарды салыстыруға жаттықтыру және ұзынырақ, қысқалау сөздерін қолдану.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын арқылы.
Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, жан досым.
Жылуыма, жылу қос,
Міне, менің қолым.
Мотивациялық кезеңі: Есік қағылып, хат әкеледі. Оның ішінде Мақта қыз, балалардан бес санының құрамын тауып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: Балаларды бес санының құрамымен таныстыру үшін, оларды сандар әлеміне саяхатқа шақырады. Балаларды шеңбер бойымен поезд етіп, айналу.
1-ші аялдама:Бір саны- бір қой, бір қызанақ, бір Біржан, бір Мадина …
2-ші аялдама:Екі саны- екі жылқы, екі саңырауқұлақ, екі Нұрай, екі Ерасыл…
3-ші аялдама: Үш саны-үш аю, үш сиыр, үш алма…
4-ші аялдама: Төрт саны-төрт ешкі, төрт алмұрт, төрт гүл…
5-ші аялдама: Бес саны- бес түйе, бес саусақ, бес орындық…
Салыстыру. Мысалы:1- сұрақ.Төрт үшбұрыш көп па, әлде екі тіктөртбұрыш көп пе? 2-сұрақ. Бес алма көп пе, әлде үш алмұрт көп пе?…
Сергіту сәті: Оң қолымда, бес саусақ,
Сол қолымда, бес саусақ,
Беске- бесті қосқанда,
Болып шықты, он саусақ.
Орталықтарға бөлу: 1-ші орталық, Тіл дамыту.
Санамақ санау: Бір дегенім- білеу,
Екі дегенім- егеу,
Үш дегенім- үзік,
Төрт дегенім- төсек,
Бес дегенім- бесік.
2-ші орталық, Театр дидактикалық ойын орталығы.
«Бауырсақ» ертегісін сахналау. Бауырсақ алдынан кездескен аңдарды санау: кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Сонымен, бауырсақ алдынае бес аң кездесті деп, қорытындылау.
3-ші орталық, Сурет салу. Берілген суреттерді түсіне қарай ажыратып бояу, санап беру.
Қорытынды кезеңі: Сабақ барысын қайталау. Балаларды мақтап, мадақтау. Бағалау ретінде, жұлдызшалар тарату.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!