Тақырып: Әлемдегі ең биік ғимараттар. 48:2, 480:2, 480:20 бөлу тәсілдері |
Мектеп: |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаттары |
3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану |
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар үшін: |
|
48:2, 480:2, 480:20 түріндегі есептеулерді орындау |
|
Бірқатар оқушылар үшін: |
|
48:2, 480:2, 480:20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау керек екенін түсіндіру |
|
Кейбір оқушылар үшін:100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:48:2, 480:2, 480:20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау керек екенін түсіндіру.Пәндік лексика және терминология:Есептеу тәсілдері, амалдардың қасиеті |
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.Талқылау: |
|
Есептеуді қалай орындауға болады?Қандай тәсілдер қолданылады? |
|
Жазу: |
|
Өрнектерді жазу |
Тірек білім, білік, дағдылар |
Көбейту мен бөлу кестесі. 10 мен 100-ге, толық ондықтарға, көбейту және бөлу, көбейтудің үлестірімділік қасиеті. |
Жоспар |
Жоспарлан—ған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
0–3
|
Ынталандыру.Мұғалім өз елінің және қалаларының айнасына айналған, түрлі ерекше ғимараттар туралы әңгімелейді. № 1-ші тапсырманы орындап, осы сабақта сіз әлемнің биік ғимараттары туралы мағлұмат аласыз. |
4–6
|
Өзектендіру. Өрнектерді салыстырыңыздар. 91 + 9 * 9 + 91 7 ∙ 9 * 9 ∙ 7(5 + 37) + 3* 5 + (37+3) (6 х 4) х 3 * 6х(2х3)(5+4) х 8 * 9 х8Сіздер қандай қасиеттерді қолданып көрдіңіздер? |
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)Мынадай есептерді шығардыңыздар ма? 48 : 2 =480:2 =Біз бұл есептерді шығару амалдарын (тәсілдерін) таба аламыз ба? |
12–29
|
Жаңаны ашу.— Есептеу тәсілдерін түсіндіріңіздер. Бірінші бағанның мысалдары екінші бағанның мысалдарын шығаруға қалай көмектеседі?Қиындықтан шығу жобасын құрау.Оның қадамдарын пайдаланып, ереже құрастыру:Санды разрядты қосылғыштардың қосындысына жіктеу..Шыққан нәтижелерді қосу.Әр қосылғышты бөлу.Жауабын жазу.Түрлі түсті қарындашпен жазу.Мысалы:48 : 2 =480:2 =Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.Ауызша түсіндірген (№2) кезде келесі сәттер ерекшеленуі керек: 1) бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысымен алмастырамыз; 2) алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөлеміз және бөлу амалын орындай отырып, нәтижелерін қосамыз.Балаларға бұл тәсіл тек екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлгенде, берілген сан ондыққа да, бірлікке де бөлінетініне назар аударған маңызды. №3тапсырманы жұппен немесе топпен түсінік бере отырып орындауды ұсынады.Өзіндік жұмыс№4 тапсырманы өз бетімен үлгі бойынша тексеріп орындауды ұсынады. |
30–40
|
Жаңаны қолдану.Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы өз-өзіне тексеріс жүргізу ретінде ұсынады.Мен:
Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын;
Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесіне негізделіп, санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданамын.
|
41–45 |
Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;«Мен … өзімді мақтан етемін»;«Әсіресе маған ұнағаны …»;«Бүгін … менің қолымнан келді». |