2Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.Көміртек атомының гибридтік күйлері.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
2Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.Көміртек атомының гибридтік күйлері.
Автор: Биғабылова Мейрамкул
Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-17
Материал туралы қысқаша түсінік
2Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.Көміртек атомының гибридтік күйлері.
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі: | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудыру.Оқушыларға суреттерді беру арқылы топқа бөлу.Бағалау парағын тарату. | Оқушылар топқа бөлінеді.1 топ 2топ 3 топ4 топ |
ІІ.Қызығушылықты ояту: | 1.«Әңгіме кестесі».Әр топқа сұрақ-жауап беріледі.1.Көміртек атомы ядросының заряды қандай?2.Көміртек атомының ядросындағы протондар саны қанша?3.Көміртектің С12изотопының ядросында неше нейтрон бар?4.Көміртек атомындағы электрондар саны қанша?5. Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?6.Сыртқы энергетикалық деңгейде неше электрон бар?7.Көміртек атомының жалпы электрондық формуласын жазыңдар.8.Орбиталь деген не?Электрондық орбитальдардың қандай түрлерін білесіңдер? | 1.Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауабы:1.көміртек атомының ядро заряды +6-ға тең,себебі оның периодтық жүйедегі атомдық нөмірі 6.2.протон саны элементтің атомдық нөміріне сәйкес болғандықтан ,6-ға тең.3.нейтронның саны атомның массалық саны мен ядродағы протон санының айырмасына тең,яғни 12-6=6. |
ІІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ | 1.«Ойлан,бірік,бөліс»-әдісі.1-топ Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы. 2-топКөміртек атомының гибридтік күйлері.3 –топКоваленттік байланыс4-топ Радикалдар.2. 2.«Кім жылдам?» әр топқа органикалық заттардың моделдерін құруға арналған орбитальдар таратылады. және гибридтену күйін айтып беруіне
3.Сергіту сәті.«Қара жорға биі» |
1.Әр топ мәтінмен танысады.Постер арқылы өз ойларын түсініктерін жеткізеді.2. Оқушылар берілген заттардың моделдерін құрып ,гибридтену түрін,валенттік бұрышын айтып береді..3.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді. |
ІV.Ой толғаныс: | 1.« Сұрақты ұстап ал!» Әр топтағы оқушыларға қапшықты лақтырып сұрақ қойылады.1.Метан молекуласында неше химиялық байланыс бар?2.Көміртек атомының кәдімгі күйі мен қозған күйінің айырмашылығы қандай?3.С-Н байланысының типі қандай?4.Гибридтену деген не?5.Метан молекуласындағы байланыстар неліктен бірдейленеді?неге біреуі S-S байланысы,басқа үшеуінен (S-Р)өзгеше емес?6.Гибридтенудің қандай тәсілдері болады?SР3, SР2, SР-гибридтену қандай көмірсутектерде кездеседі? | Оқушылар сқрақтарға жауап береді. |
V.Бағалау : | 1.Әр топ басшыларынан ,тобындағы оқушылардың ұпай саның сұрап шығады . | Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы оқушылардың ұпай саның айтады |
VІ.Үйге тапсырма | Оқушыларға үйге тапсырма береді. §2,3-ті оқу №8 | Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
VІІ.Кері байланыс парағы: | Оқушыларға |
Кері байланыс парағын толтырады. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.