22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан) — Қазақша сценарийлер — Туған күнге тілектер — Қазақша презентация
22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)
Сабақтың тақырыбы: Наурыз думан
Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал – мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.
1 –оқушы: Бүгін күн – түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.
Күн: Сәулесі мол күнмі
Түн : Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі: Бірдей болып бізде
Теңелеміз бүгін
Түн: Ал ертен күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар бірақ
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап
2 – оқушы: Өмір бағы жайнасын,
Бақта бұлбұл сайрасын
Өркендесін тіршілік,
Өсіремін бір шыбық
3 – оқушы: Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз!
Түгел болсын нуымыз,
Тұнық болсын суымыз.
Би: Келді наурыз жар салып,
Би билейік, ән салып
Жылда келсін Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.
Хор: «Жау, жау, жаңбыр»
Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.
Үйдің ішінде дастархан жаюлы.Қыз – келіншектер кәде – жораларым, шашуларын алып келіп жатыр. Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын!
Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
Дастархан басындағы әңгіме:
Апасы: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше Гүлназ апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.
Гүлназ апа: Кәне, бесікті әкел.Бесік — өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.
Балалар: Апа мына бесік тесік қой.
Жамал апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.
Гүлназ апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле — жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.
Әжесі: Ал Гүлназ мынау сенің сыйың.Гүлназ апаға және оның немерелеріне көйлек жабдық сияқты сый тартылады.
Әжесі бата береді:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл,өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандықтан тәлім алмасын!
Апасы: — Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.
Гүлназ апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды.
Қыз – келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.
Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың қалған қазақтың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.
Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.
Хор: « Ақ дидарлы анашым»
Ойын ұйымдастыру.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт – дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз думан атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман – есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.
Наурыз мейрамына арналған басқа сценарийлер:
Балабақшаға наурыз мейрамына сценарий
22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)
22 наурыз сценарий слайд слайд,презентация