21 ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайыс — Ашық сабақтар
Тақырыбы : ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайыс .
Мақсаты: Мұхтар Әуезов мұрасына терең үңілу, зерттеу, білімдерін толықтыру.
Оқушылардың жеке зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштау.
Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстауға, білімін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.
Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өз бетімен ізденіс үрдісін, адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, басқыштар, графопроектор, компьтерлік құрал-жабдықтар.
Әдісі: сұрақ-жауап
Түрі: қайталау , интеллектуалдық сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, информатика.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Бұл ойын арнайы техникалық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүріледі. Барлық сұрақтар , ұяшықтардың барлығы анимация арқылы экраннан көрініп тұрады. Әр оқушы алдында тоқ көзіне қосылған басқыштар орнатылады. « Бұл басқыштар электр шамы, электр патроны, ажыратқыш кішігірім тақтайға орнатылады»
Әділ-қазылар алқасы тағайындалады.
Жүргізуші сөзі: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар , қонақтар! Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қош келдіңіздер.
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінде тәңірлік ұғыммен деңгейлес тұлға. Оның тылысым әлем тұңғиығынан жаралғандай дана кейпіне қарап отырып, бүтін дүниенің келбетіне көз тіккендей боласың. Әуезовтің суретінде де жан бар. Сабырлы , ойлы жан.
Табиғаттың бір туарлары , халқымыздың парасат әлеміндегі ғажайыптар, саф, таза сұлулар, айрықша оқшау құбылыстары-Абай, әрине, Мұхтар. Қазақ әдебиетінің өзі осыны дәлелдеп отыр. Әдебиет пен ғұмырын бүгінгі 115 деген сандық көрсеткіш әйгілейді. Мұхтар есімін ауызға алсақ, кітап патшалығының рухы тебірінеді.
Ғұлама әлеміне терең үңіліп, өмірі мен шығармашылығына толық танысу мақсатында Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай зияткерлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.
3.Таныстыру. Әдебиет әлеміне құшақ жайған, сырлы да, сыры мол поэзия төріне қанат сермеген болашақ әдебиетші ұл-қыздарымыз
10-11-сынып оқушылары қатысады. Ойынға қатысушы оқушылар туралы, олардың жетістіктері жөнінде айтылады. Ойыншылар өздерін өлең жолдарымен таныстырады. Өмірлік ұрандарын айтады.
I кезең «Бәйге»
Ойынның шартымен таныстыру . Ортақ он сұрақ қойылады, әрқайсысының дұрыс жауабын белгілейді. Дұрыс жауап он ұпаймен бағаланады.
1.Мұхтардың дүниеге келген күні.
а) 25қазан ә) 30қаңтар б) 28қыркүйек в) 11наурыз
2. Мұхтардың немере ағасы кім?
а) Абай ә) Қасымбек б) Ораз в) Дәркенбай
3. Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?
а) он үште ә) тоғызда б) сегізде в) жетіде
4.Тұңғыш жарық көрген туындысын көрсет?
а) «Адамдық негізі-әйел» ә) «Түнгі сарын»
б) «Абай жолы» в) «Қараш-қараш оқиғасы»
5. Жазушының пьесасын белгіле.
а) «Қилы заман» ә) «Қазақ әйелі»
б) «Абай» в) «Үйлену»
6. «Еңлік-Кебек» жеке кітап болып қайда жарық көрді?
а) Орынборда ә) Омбыда б) Ташкентте в) Семейде
7.Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?
а)Оспан ә)Әбіш б)Мұрат в)Тұрар
8.Мұхтардың анасының есімі кім?
а)Зере ә)Ұлпан б) Нұржамал в)Райхан
9.Бөжей қай туындының кейіпкері?
а.Қаракөз ә. Абай жолы б.Жетім в.Бүркітші
10. Жазушы спорттың қандай түрімен шұғылданды?
а. Теннис ә.Футбол б.Баскетбол в.Күрес
Әр кезеңнің ұпайы шығарылып, экраннан көрсетіліп отырады
ІІ кезең «Жорға»
Ойыншылар ұяшықтарды таңдайды,әр ұшықтардың сұрақтары шығып отырады. Бір минут ішінде неше сұраққа жауап бергені есептелінеді, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
№1
1. Мұхтардың әкесі кім? (Омархан)
2.Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып қай жылы түседі? (1922)
3.1908 жылы қайда сабақ алды? (Семей медресесінде)
4.Мұхтардың ғасырлық туындысы (Абай жолы)
5. Драматургиялық шығармасы (Еңлік-Кебек)
6.Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері? (Көксерек)
7.«Үш ұры»-ны кімнен аударды? (Л.Толстой)
8.«Абай операсы» қай жылы жарық көрді? (1944)
9.Ғазиза қай шығарма кейіпкері? («Кім кінәлі»)
10.«Жетім қандай жанр»? ( әңгіме )
11.«Еңлік-Кебек» трагедиясының негізгі тақырыбы. (Жастар тағдыры)
12.1957 жылы қаандай орденмен марапатталды? (Лениндік орденмен)
13. Қай жылдан бастап көркем әдебиет саласына өнімді еңбек етуді бастады? (1923)
14. «Қарагөз» қандай туынды? (Пьеса)
15.Мұхтардың екінші жұбайы кім? ( Валентина)
16. Жазушы 1955 жылы қайда барады? (Үндістанға)
17. «Абай жолы» романында сомдалған Абайдың шәкірттерінің бірі кім?
(Көкбай)
18. Мұхтардың арғы атасы кім? (Бердіқожа )
19. Жазушының қарындасының есімі кім? ( Гүлнар Омарханова)
20. Мұхтардың сүйегі қайда жерленді?
(Алматы,Ташкент даңғылы қазақ зиратында)
№2
1. Мұхтардың немере ағасы кім? (Қасымбек)
2. «Отелло» пьесасын кімнен аударды? (Шекспирден)
3. 1923 жылы қайда оқуға түседі? (Санкт-Петербургте)
4. «Өрде» Абай жолы романының нешінші бөлімі? ( Ү бөлімі)
5. «Бәйбіше-Тоқал» қандай шығарма? (Драматургиялық)
6. «Салтанат» қай шығарманың кейіпкер? (Абай жолы)
7. «Алтын шеттеуік» мысалын кімнен аударды? (Паульсоннан)
8. «Сын сағатта» пьесасы қай жылы жарық көрді? (1941)
9. «Кеңгірбай» қай шығарма кейіпкері? ( Еңлік-Кебек)
10. «Барымта» қандай жанр? (Әңгіме)
11. «Қаралы сұлуда» қандай оқиға суреттелген?
(Жесір қалған Қарагөз тағдыры)
12.100 жыл толуына орай қандай оқиға болды?
(ЮНЕСКО бойынша атап өтті)
13. 1921 жылы жазылған алғашқы әңгімесі? (Қорғансыздың күні)
14. «Асауға тұсау» қандай туынды? (Комедия)
15. Мұхтардың әжесінің аты. ( Дінәсіл)
16. Әйелі Валентинаның сатып әкелген күнтізбесі әсер етіп,Мұхтар қандай шығарма жазды? ( «Көксерек» әңгімесі)
17. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды? ( 1957 жылы)
18. «Түнгі сарын» драматургиясының негізгі тақырыбы.
( 1916 Жылғы ұлт азаттық көтеріліс)
19. «Қараш-қараш оқиғасындағы» байдың есімі. (Жарасбай)
20. Мұхтар қай жылдары түрмеде отырды? (1930-32 жылдары)
№3
1. Мұхтардың атасы ( Әуез)
2. Гогольдің қандай шығармасын аударды? (Ревизор)
3. 1922 жылы қандай қалада оқиды?
(Ташкент мемлекттік университетінде)
4. «Қат-қабатта» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (ІІ бөлім)
5. Атышулы «Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлері
(Сырым мен Қарагөз)
6. «Ділдә» қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)
7. «Түлкі мен ешкі» мысалын кімнен аударды? (К.Ушинскийден)
8. «Түнгі сарын » пьесасы қай жылы жарық көрді? (1934 жылы)
9. Тәкежан қай шығарма кейіпкері? (Абай жолы)
10. «Білекке білек» қандай жанр? ( Очерк)
11. «Қараш-қараш оқиғасының» негізгі тақырыбы.
(Жалшы Тектіғұл тағдыры)
12.Алматыда М.Әуезов есімі қайда берілді?
(Қаз.мемлекеттік драма театрына)
13. «Абай жолы» романының 2-кітабы қай жылы жарық көрді? (1947)
14. «Кім кінәлі» қандай туынды? (Әңгіме)
15. Тоғжан мен Әйгерім кімдер? (Абайдық сүйген қыздары)
16. «Абай жолы» романында кімдерді қаралайды?
(Билеуші ақсүйек қауымды)
17. «Абай жолы» романының ІІІ кітабындағы негізгі сюжет.
( Абайдың демократиялық көзқарасы)
18. «Менің аталарым ХХ ғасырдың бас кезінде Орта Азия жатқан келіп, Тобықты руына сіңіп кетті» кімнің сөзі?
(Мұхтар)
19.Мұхтар әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін кімнің қолында тәрбиеледі? (Әуездің інісі Разақ Самарханның )
20.«Абай» пьесасында қандай оқиға суреттелген?
(Абай өмірінің соңғы белестері)
№4
Әкесі Омархан кіммен бірге өмір кешкен ? ( Абай)
І.Жансүгіровпен бірге жүріп қандай шығарма жазды?
(«Қараш-қараш оқиғасы»)
Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қай жылы түседі? (1915)
«Қияда» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (YI бөлім)
Ғ.Мүсіреповпен бірлесіп жазған драмасы? (Қынаптан қылыш)
«Тоғжан» қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)
«Жаман жолдас» шығармасын кімнен аударды? (Л.Толстойдан)
«Қилы заман» романы қай жылы жарық көрді? (1928 жылы )
«Қамқа» қай шығарманың кейіпкері. ( Абай жолы)
10. «Бүркітші» қандай әдеби жанр. (Әңгіме)
11. «Жетім» әңгімесіндегі негізгі оқиға (шешесі өлгеннен кейінгі қорлық көрген жетім бала — Қасым тағдыры )
12. М.Әуезов есімі қандай оқу орнына берілді?
( ҚҒА әдебиет және өнер институтына берілді)
13. 1936 жылы қазақ әдебиетінде қандай туынды жарияланды?
(Татьянаның қырдағы әні)
14. «Бәйбіше – Тоқал» қандай жанр? (Пьеса)
15. «Абай жолы эпопеясы – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, кеңес әдебиетінің үздік жетістіктерінің бірі»- деген кім?
(Қ.Сәтпаев)
16. «Еңлік – Кебек» пьесасына арқау болған қандай оқиға ?
(ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарында болған қанды оқиға)
17. М.Әуезов ойнаған — 1913 жылы алғаш құрылған футбол командасының аты. (Ярыш-Жарыс)
18. Әйелі Валентина Николаевнамен қайда танысты?
(Ленинград университетінде)
19. «Татьянаның қырдағы әні» қандай шығарма? (әңгіме)
20. «Абай жолы» романында қай кезең суреттелген?
(ХІХ ғ соңы ХХ ғ басы)
№5
1.Мұхтардың туған күні. ( 28 қыркүйек)
2. Ж.Аймауытовпен бірге қандай мақала жазды?
«Қазақтың өзгеше мінездері»
3.Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді? (1928 жылы)
4. «Шытырманда» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (ІІІ бөлім)
5. Ә.Әбішевпен бірлесе жазған драмасы. (Намыс гвардиясы)
6. «Базаралы» қай шығарманың кейіпкері? ( Абай жолы)
7. «Әдеп» мысалын кімнен аударды? (Паульсоннан)
8. «Хан Кене» пьесасы қай жылы жарық көрді? (1928 жылы)
9.Тектіғұл қай әңгіменің кейіпкері? (Қараш-қараш оқиғасы)
10. «Көксерек» қандай жанр? (Әңгіме)
11. «Қыр суреттерінде» әңгіменің негізгі тақырыбы.
(Әмеңгер шалдан қорқып боранға ұшырған Рабиға)
12. «Абай жолы» романы неше тілге аударылды? (30 тілге)
13. Қырғыз халқының қандай шығармасына монография жазды.
(Манас жыры)
14. «Абай» қандай туынды? (пьеса)
15. Мұхтар кім туған өлкеде дүниеге келді? (Абай)
16. Бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық асылым бар, бірі-Манас, бірі-«Абай жолы» романы деген кім?
(Ш.Айтматов)
1 7.Мұхтардың анасының есімі кім? (Нұржамал)
18. «Абай жолы» романының ІҮ кітабындағы оқиға.
(Тобықты мен Көкен елінің жер дауы.)
19.Мұхтардың әйгілі трагедиясы. («Қарагөз» пьесасы)
20. «Еспембет» қай шығарманың кейіпкері
(Еңлік-Кебек)
№ 6
1.Мұхтардың туған жері
( ШҚО Семей обылысы Абай ауданы Шыңғыс болысы)
2.Семинарияда оқып жүріп, «Еңлік-Кебек» пьесасын кімнің дастаны негізінде жазды?
(Шәкәрім «Жалсыз жаза»)
3.1930 жылы қандай оқу орнын бітірді?
(Орта Азия университетінің Шығыс факультетін)
4. «Қайтқанда» Абай жолы романының нешінші бөлімі? (1-бөлімі)
5.40-50 жылдарда жазған драмалық шығармасы.
(Қарақыпшақ Қобыланды)
6. «Дәркембай» қай шығарманың кейіпкері?
(Абай жолы)
7. «Сауысқан мен қарға» мысалын кімнен аударды?
(К.Ушинскийден)
8. «Абай» пьесасы қай жылы жарық көрді? (1940)
9. «Күшікбай» қай әнгіменнің кейіпкері. (Қорғансыздың күні)
10. «Жуандық» қандай әдеби жанр? (Әңгіме)
11. «Қорғасыздың күні» әңгімесінің басты тақырыбы?
(ауыл өмірі, ауыл тағдыры)
12.1923-1928 ж Ленинград уневерситетінде қай факультетте оқыды?
(тіл мен әдебиет)
13. «Абай жолы» романын неше жыл жазды? (15 жыл)
14. «Қасқыр» қандай туынды? (аударма)
15. «Айман-Шолпан», «Қарагөз» әдебиеттің қай жанрына жатады?
(Драматургия)
16. Мұхтардың неше жасында анасы қайтыс болады?
(15 жасында)
17. Мұхтардың арғы атасы кім? ( Бердіқожа)
18. Мұхтар спорттың қандай түрімен шұғылданды? ( Футбол)
19. Ленинград университетіне Мұхтармен бірге қандай атақты адам оқыды?
(Әлкей Марғұлан)
20. «Абай жолы» романының 1- кітабындағы негізгі оқиға.
( Абайдың адам болып қалыптасуы)
ІІ кезеңнің қорытынды ұпайлары экраннан көрсетілген соң, үш ойыншы ойыннан шығады. Әр ойыншының ұпайлары сақталады.
ІІІ кезең «Дода»
Ұпайы көп оқушы ұяшықтықты таңдап,сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі оқушы басқышты басып, жауап беруге болады. Ұяшықтан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Таңдалып алынған ұяшықтар экраннан алынып тасталынады.
Жол басы
20 — Мұхтардың туып өскен жері?
(Семей облысы Абай ауданы шыңғыс болысы)
30- Он бір жасында Мұхтардың өмірінде қандай оқиға болды?
(Әкесі қайтыс болды)
40- Санк-Петербургте өмірінде қандай өзгешелік болды?
( Университетке түсіп,1928жылы фил.факультетін бітірді)
50- Қайда,қашан қайтыс болды?
(1961жылы 27маусымда, Мәскеуде)
Ғасырлық туынды
20- «Абай жолы»романының 1кітабы қай жылы жарық көрді?
(1942 жылы)
30- «Бұл шығарма әлемнің басқа елдерінде де тең түсетін, ХХғасырдың ең үздік шығармаларының бірі»-деп баға берген кім?
( Француз жазушысы Луи Аргон)
40- 1959жылы «Абай жолы»романы қандай сыйлыққа ие болды?
(Лениндік сыйлыққа ие болды)
50- «Абай жолы» романының бас кейіпкері кім?
(Абай )
Баспалдақтар
20- Күшікбай батыр туралы қай әңгімеде суреттеледі?
«Қорғансыздың күні»
30- «Қараш-Қараш оқиғасының» бас кейіпкері кім?
( Бақтығұл)
40- «Түнгі сарын» драматургиялық туындысы қандай тақырыпта жазылды?
(1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс)
50- 1917жылы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің киіз үйінде тұңғыш жарық көрген туындысы?
(Еңлік-Кебек пьесасы)
Сегіз қырлы –бір сырлы
20- Мұхтарды кім деп танимыз?
(Классик,жазушы)
30- Өмірінің соңғы күндеріне дейін қандай жұмыс пен айналысты?
(Қазақ университетінде «Абайтану» курсынан дәріс берді)
40- 1920-21 жылыСемей обылысында қандай жұмыс атқарды?
(Облыстық соттың меңгерушісі қызметін атқарды)
50- 1946 жылы қандай атақ берілді?
( Қазақстан ҒА-сының №1 академик куәлігі,фиология ғылымның
доктор профессор атағы берілді)