20 (XX) ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті слайд,презентация — Тарих

0

20 (XX) ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті слайд,презентация

 

 

 

Мәдениет (араб. “маданият”) – қала, қалалық; лат. Cultural – өңдеу, өсіру) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі; 4) агромәдениет.

Мәдениеттің мақсаты – адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту. 

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. 
Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады. 
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!