1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы слайд,презентация
1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, себептері мен сипаты слайд,презентация
80 — жылдардың басында КСРО – да аса ауыр әлеуметтік – экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы келеңсіз сипат алды.
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетті, олар негізінен әміршіл-бюрократиялық жүйенің жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген қателіктеріне байланысты болды.
Мәселен, орта машина жасау, тиісті металдар, энергетика, металургия, суландыру және қорғаныс министрліктері республика аумағында өздерін нағыз «қожайын» есептеді, олар республика мен оның еңбекшілерінің мүдделерімен санаспады.
Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етеді. Ана тілін білмейтін, тіліне, діліне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрттер тобы пайда болды.
Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99-дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов) кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған. 246 студент оқудан шығарылды.
Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК саяси бюросының мүшесі М.С. Соломенцевтің нұсқауы байынша, КСРО-ның ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді. Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды боздақтар, есіл ерлер мәңгілікке көз жұмды.
1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңына Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 метр. Авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот – Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
М.Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17- сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астан – кестен ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың,-деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.
Желтоқсан деген бір ой бар,
Шабынтып мінген үлекті.
Шаңылтыр күнде шырай бар
Жылытар ма екен жүректі?
Ия, сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязы да, жалдамалы жендеттердің (насоспен) сүсорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардың жалындаған жүректерін суыта алған жоқ. Олар ұлтын сүйді. Жетпіс жыл кеңестік тотолиторизмнің қыспағында булыққан сезімдер бір сәтте бұрқ етті. Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын, тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты.
Тағдырлары қыстың алғашқы үсігіне тап болған сол кездегі жастар, түрлі оқу орындарының көкөрім студенттері, Исатай мен Махамбеттің, Қабанбай мен Бөгенбайдың, Кейкі мен Кенесарының ұрпақтары екенін көрсетті. Қалай десек те, бүгінгі тәуелсіздікке бастаған сара жол сол бір жылғы Алматыда өткен жастар көтерілісінен бастау алғаны белгілі. Ия, бізге еркіндік оңай келген жоқ.
Қайраттай қайсар ұлдарың
Қанымен келген еркіндік
Сәбира менен Лаззаттың
Арымен келген еркіндік
Желтоқсанның алғашқы
Қарымен келген еркіндік
Алтынайдай ананың
Зарымен келген еркіндік
Алаңда салған Шәмшінің
Әнімен келген еркіндік
Қиындықтың осындай
Бәрімен келген еркіндік!