1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі слайд, презентация — Тарих
1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі слайд, презентация
Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.
қалалар мен құрылыстарға кету;
басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;
Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті.
Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланды.
Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті Орынбордағы 8-дивизия басып тастады.
Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.