1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс слайд туралы қазақша

0
104

Слайд 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқы үшін маңызды болып табылатындығын баяндайды. Себебі бұл көтеріліс елдің таптық сана-сезімінің, артуына, саяси өрлеуіне зор рөл аткарды. Мұрағат деректеріне сүйенсек, 1916 жылғы ұлт-азаттық, көтерілістің өзге көтерілістерден бір ерекшелігі, ол барлық Қазақстан территориясын, атап айтқанда, Каспий теңізі жағалауынан бастап, Моңғолияға дейінгі аралықты қамтыған. Слайд беттерінен 1916 жылғы көтерілістің салдары мен негізгі мәселелері баяндалынады.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1916 жылғы көтеріліс барысын зерттеуді ең алғаш рет Қазақстанды зерттейтін қоғам қолға алып, бастапқы кезде көтеріліс барысы жайында мағлұматтарды, деректерді жинаумен айналысты. 20-жылдың басында мерзімді баспасөз беттерінде бұл көтерілістің маңыздылығын талкыға салған мақалалар жариялана бастады. «Ақ жол» газетіне жарияланған «Қазақ-қырғыз мәселесі» атты мақала патша саясатының көздеген мақсатын айқындауға тырысады. Патша үкіметінің орыс-герман соғысына қарсы жұмысқа қазақ жігіттерін алу туралы жарлығы халықты ашындырып, 1916 жылғы көтеріліске алып келгендігін, оның аяғы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне, Қазан революциясына ұласқанын айтылып, елдегі саяси жағдай жан-жақты сипатталды. Жылдың басында қазақ халқы дүниежүзілік соғыс әлегінен әлі де болса кұтыла алмай, қолындағы барын үкіметке беруге мәжбүр болып, соның салдары елде қымбатшылық, жоқшылық тудырып, ақыры ашаршылыққа алып келгендігі баса көрсетілді. Ашаршылық Түркістан қазақ-қырғыздарын, әсіресе Жетісу елін жайлап, көп халық кырғынға ұшыраған.

Скачать / Жүктеу

#жылғы #ұлт #азаттық #көтеріліс #слайд

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз