1871 жылғы Париж Коммунасы | туралы қазақша

0
120

Францияда Наполеон Үшінші құрған режимнің шіріктігін осы соғыс дәлелдеді. Наполеонның 100000 әскері Седан деген жерде тұтқынға түсті. Наполеон екінші қыркүйекте ақ жалау көтеруге бұйрық берді. Франция капитуляция актісіне қолын қойып, қаңтар айында Германиямен арасында бітім жасалды, Францияны билеуші топтары Германияға Эльзас пен Шығыс Лотарингияны беруге, 5 млрд. франк төлеуге келісті. Жоғарыда айтылған жағдайлар Франция жұмысшыларының ашу-ызасын туғызды. 4 қыркүйекте мыңдаған париждіктер астананың көшелеріне шығып, республика орнатылуын және отанды қорғап қалуды талап етті. Қаруды пайдаланып халық Париж қаласында билікті өз қолына алды. Париж қаласын Пруссияның әскерлері қоршап алды. Жұмысшылар Парижде Коммуна мемлекетін жариялады. Бұл бас көтеру бонапартшылардың үстемдігін түбірімен жойды да, екінші империяның режимін күйретіп, халыққа демократиялық бостандық әперді. Франция тарихындағы төртінші төңкеріс жүмысшы табы мен халықтың басқа да топтарының күш-жігері арқылы жүзеге асырылды. Францияда бірінші пролетарлық мемлекет осылай құрылды.

18 наурыз күні жүмысшылар билікті өз қолдарына алып, пролетарлық мемлекет құрды. Барлық үкімет Ұлттық гвардия Орталық Комитетінің қолына көшті. Үкімет орналасқан қалалық басқару үйінде қызыл жалау желбіреп, жаңа төңкеріс туы болып көрінді. Тьер және оның министрлері, жоғары шенді қызметкерлер мен полицейлер, олардың соңынан ерген көптеген бай-шонжарлар, ақсүйектер Парижден Версальға қашты. Бұл онда Ұлттық жиналыс жүріп жатқан кез еді.

Мемлекеттік аппарат билік бөліну принципінен бас тартты, Париж Коммунасы жұмыс істейтін одаққа айналды, ол өзі заң шығарады және қабылданған зандарды жүзеге асырады. Коммуна кеңесінде екі рет сайлау өтіп, бұған азаматтардың бәрі қатысып, ценздер жойылды. Осы Коммуна Кеңесінде қабылданған зандарды орындайтын 10 комиссия жұмыс істеді. Халықты мемлекеттік аппаратқа қатыстыру үшін олар занды тұлғалардың жалақысы орта жүмыскердің жалақысынан жоғары болмауы керек деген заң қабылдады. Бұрынғы қызметкерлер мемлекеттік аппараттан өздері қашты. Жаңа соттар құрылды. Ұлттық гвардияның Орталық Комитеті буржуазиялық мемлекеттік аппаратты қирата бастады. Ұлттық гвардияның Орталық Комитеті халықтың қолдауына сенім артты да, Версальды контрреволюцияның тірегіне айналдырған Тьер үкіметінің қауіптілігін жете бағаламады.

26 наурыз күні Париж Коммунасы Кеңесі мүшелерінің жалпыға бірдей және төтенше сайлауы өткізілді. Оған сайлаушылардың басым көпшілігі қатысты. Жұмысшылардың нақты бағдарламасы, басқаратын партиясы дөл сол кезде жоқ еді. Олар Төңкерістік үкіметі ретінде қимыл жасап, мемлекеттік жаңа аппарат қүрды. Кеңес өкімет билігін толық өз қолына ала отырып, заң шығару және атқару билігін өзінде қалдырды, өзі заң шығарып, оны өзі жүзеге асырып отырды. Қаржы, әскери істерге, юстицияға алқалы түрде басшылық ету үшін, қоғамдық қауіпсіздік, еңбек, ағарту мәселелерін шешу үшін Кеңес өзінің мүшелерінен комиссиялар сайлап, олар шын мәнісінде бұрынғы министрліктердің міндетін атқарды. Коммуна Кеңесі ескі әскерді жойып, халықты жаппай қаруландыруды жария етті. Қолына қару ұстауға қабілетті барлық адам Ұлттық Гвардияда қызмет етуге міндетті болды. Өкімет полицияны қысқартып, қоғамдық тәртіп күзетін Ұлттық гвардияға жүктеді. Коммуна Кеңесі өзінің мүшелерін Париждің барлық округіндегі муниципалитеттерге тікелей басшылық етуге жіберді, олар еңбекшілерден тұратын муниципалитет кеңестеріне арқа сүйеді.

Коммуна Кеңесі қысқа мерзімде өзінің демократиялық мақсаты бойынша бірталай әлеуметтік өзгерістер жасады. Пролетарлық Париж Коммунасына бүкіл буржуазиялық Франция қарсы тұрды. Бірақ коммунарлар өздеріне керекті реформаларының бәрін өткізді. Олар бұрынғы мемлекеттік аппаратты, ең алдымен сотты, полицияны, әскерді жойды. Банкілерді өздерінің қолына алды. Парижден қашқан буржуазияның кәсіпорынына жұмысшылар бақылауын қойды. 8 сағат жұмыс уақыты, зейнетақы, мемлекет көмегінің басқа түрлері енгізілді. Ол жұмысшылардың жағдайын жақсартуға және өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнатуға тырысты. Айып белгілеуге, жалақыдан орынсыз ұстап қалуға, наубайханашылардың түнде еңбек етуіне тыйым салынды, жалақының ең аз мөлшерін тағайындау әрекеті жасалды. Коммуна жаулардың меншігіндегі кәсіпорындарды тәркілеп, жұмысшылардан құрылған кооперативтерге берді. Барлық кәсіпорындарда Кеңес тапсырыстарының орындалуы еңбекшілердің бақылауында болды. Халықты азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз ететін шаралардың маңызы зор болды. Коммуна алып-сатарларға соққы берді. Ол босаған пәтерлерді мемлекет қарамағына алып, оларға үйсіздерді орналастырды. Жаңа өкімет ұрылар мен тонаушыларды қатаң жазалады. Коммуна Кеңесі барлық балаларды міндетті түрде және тегін оқытуға ұйғарды, жаңа мектептер ұйымдастырды, мектепті шіркеуден бөлді. Шіркеу мемлекеттен де бөлінді. Осы Коммунаның әрекеттері жұмысшы табы диктатурасының тұңғыш тәжірибесі болғанын дәлелдеді.

Контрреволюциялық күштер Коммунаны құлатты. Коммунарлар да бірталай қате жіберген болатын, Тьердің үкіметін оскерімен Версаль қаласына кетуге кедергі қойылмады. Париж қаласындағы банкілердің ақшаларын тоңкеріс қызметіне пайдаланған жоқ, контрреволюционерлерге тым сенгіш әрі рақымшыл болды. Соғыс қимылдарына оларға тәжірибе мен ұйымшылдық жетіспеді. Пролетарлық мемлекет төңкерістік жағдайға қарамастан екі рет Коммунаның сайлауын өткізіп, нағыз революцияны қорғайтын мемлекеттік органдарды құра алмады. Ескі мемлекеттік аппаратты жойғанымен, оның орнына дұрыс аппаратты қою жүзеге аспады. Олар жұмысшылар мемлекетті басқара алатынын дәлелдегісі келді, бірақ олардың тарихи тәжірибесі болмады. Мемлекетті басқару үшін білім, тәжірибе, ақыл керегін барлығы түсінді. Мемлекет терең өлеуметтік саясатты жасамақ болды, бірақ ол үшін оның ешқандай экономикалық мүмкіндігі болған жоқ. Маркс пен Энгельс Париж Коммунасының қателерін талқылап, басқа пролетарлық мемлекеттер оны қайталамасын деп ескерткен, бірақ социалистік мемлекеттердің бағыты олар оқытқаннан басқаша жүргенін XX ғасыр дәлелдеді.

Париж Коммунасы тек 71 күн өмір сүрді, Версаль үкіметі оны жойды. Оның құлауы объективтік үрдіс, оны Францияда ешкім жақтаған жоқ, бұл бәріне түсінікті. 1871 жылғы Париж Коммунасы күйрегеннен кейін Франция өкіметінің басына ірі буржуазияның, соғысқұмарлардың шіркеулік-клерикалдардың барып тұрған реакцияшыл топтары орнықты. Олар жұмысшылардың төңкерістік қозғалысын тұншықтырып, монархияны қайта орнатуға тырысты. Германияға 5 миллиард франк контрибуция төлеп, Францияның Ұлттық жиналысы бітім шартына қолын қойды. Конституция төрт жыл жазылды. Францияның тағына үш әулеттің өкілдері ұмтылғанымен, ұзақ талас-тартыстардан кейін Францияда республика режимі орнатылды. Олар монархия туа қалса, халықтың қалың көпшілігі революционерлерді қолдайды деп қауіптенді. Осының нәтижесінде 1875 жылғы Ұлттық жиналыс небары біраз дауыс басымдықпен конституцияны қолдады, оған сәйкес Франция республика болып қала берді. Франция тарихында үшінші рет республикалық режим орнады, сөйтіп, елді Үшінші республика деп атай бастады. Францияның президенті Мак-Магон бұл Конституцияны қабылдағанда, ол уақытша Конституция болады деп ойлаған. Мемлекетті президент басқарып, ол 7 жылға сайланады. Бірнеше рет қайтадан сайлана алады. Президент Ұлттық Жиналысты тарата алады, кешірім құқығын қолданады және әскерді өзі басқарады.

Заң шығарушы өкімет билігін депутаттар палатасы мен сенат атқарды. 21 жасқа толған және осы округте 6 айдан кем тұрмайтын ер адамдар сайлау қүқығына ие болды. Әйелдердің, әскери қызметшілердің, жастардың, маусымдық жұмысшылардың сайлау құқығы болмады. Мемлекетті палата мен сенат бірігіп сайлаған президент басқарды. Атқарушы органдарға министрлердің кеңесі жататын, оның төрағасын Францияның президенті тағайындады.

Сенат 300 адамнан тұрды, оның 225-і 9 жылға сайланса, қалған 75-і өмір бойы сайланды. Төменгі палатаға ер сайлаушылардың бәрі қатысты. Сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өтті. Сайлауға көп партиялар қатысты. Үкіметтердің орташа қызмет ету мерзімі бір жылға да жетпейтін, 1875-1914 жылдары 48 үкімет ауыстырылды. Үшінші республиканың режимі демократиялық режимге жатты, бір жағынан саяси құқықтар мен бостандықтар кеңейді, сөз, жиналыс, баспасөз құқықтары белсенді түрде жүзеге асырылды. Ле-Шапелье заңы жойылды.

#жылғы #Париж #Коммунасы