1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс слайд,презентация — Тарих

0

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс слайд,презентация

 

 

Сабақ мақсаты: 
Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.
Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.
Абылай хан, Әбілмансұр  – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай 20 жасында хан майданда ерлігімен танылады. 1730 -1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға “Абылайлап” шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылады, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы деп ресми түрле таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ Ордасын бөлшектеуді көздеген. Бұл кезеңде Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырады.  
Ол өз кезінде өте білімді, Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған. Өз замандастарының айтуынша аласа бойлы, өте жігерлі адам болған. Ш.Уалихановтың мәліметі бойынша 
12 әйелі, 30 баласы, 40 қызы болған. Жоңғарлардың атақты қонтайшысы Қалдан-цереннің баласымен жекпе-жекте жеңіп оны өлтірген 

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!