18 қазан күнін Рухани келісім күні, Қазақстан біздің ортақ үйіміз, тәрбие сағаты

0
173

Тақырыбы: Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Мақсаты:
• Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсінеді, өз құқығын қорғай білуге үйрену, руханилықтың, адамгершіліктің, толеранттылықтың түсінушіліктің символын құрметтеу.
Көрнекілігі: Қазақстан елі туралы слайд.

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
«Қазақстан – ортақ үйіміз» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, көк білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке боранған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Әдеби – монтаж
Оқушылар:
Қазақстан республикасы Егеменді тәуелсіз, демократиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
1 – оқушы
Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды.
2 – оқушы
1992 жылдың 18 – қазанында Алматыда Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгрессі болып өтті.
3 – оқушы
Конгресстің өткізілу күні кездейсоқ қойыла салған жоқ. Осыдан 100 жыл бұрын дәл осындай съезд Чикаго (АҚШ) қаласында шақырылған болатын, бірақ, өкінішке орай, болашақта өз жалғасын тапқан жоқ.
4 – оқушы
Адамзат тарихында алғаш рет бір үстел басында рухани мәселелер толғандырған бүкіл дін өкілдері, рухани қоғамдық ұйымдар, танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосты.
5 – оқушы
Қабылданған Манифестте I Бүкіл әлемдік Рухани келісім конгрессінің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім, жанжалдар мен қақтығыстарды бәсеңдету, татуластықты іздеу, адамдар арасында түсінушілікті орнату, мейірімділік және жақынға көмек күні ретінде қабылдауға шақырды.
6 – оқушы
Сол кезден бастап жыл сайын біздің елімізде 18 қазан күні – Рухани Келісім күні ретінде аталып өтіледі. «Дінді құрметтеу үшін! Алауыздықсыз айырмашылық үшін! Мейірімділік үшін қызмет!» – бұл қағидалар Рухани келісім күнінің негізі болды. Рухани келісім күні руханилықтың, адамгершіліктің, толеранттылықтың және түсінушіліктің символы болып табылады.
7 – оқушы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйем қабырлаған,
Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің
Кеудемде жарық шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…
8 – оқушы
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Ұраның да жасасын!
Халқың да жасасын!

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!