16- желтоқсан

0
131

1 бет

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

2 бет

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

3 бет

Себебі:

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

4 бет

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛҒАН СОҢ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП, БҰЛ ЖӨНІНДЕ “ЖЕЛТОҚСАН. 1986. АЛМАТЫ.” (ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Т.ӨТЕГЕНОВ, Т.ЗЕЙНӘБІЛОВ), “ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЖОҚТАУ”, “ЕР НАМЫСЫ — ЕЛ НАМЫСЫ” ЖИНАҚТАРЫ, К.ТӘБЕЙДІҢ “МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ”, Т.БЕЙІСҚҰЛОВТЫҢ “ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫ” КІТАПТАРЫ МЕН “ЖЕЛТОҚСАН” (БАС РЕДАКТОРЫ Х.ҚОЖА-АХМЕТ) ГАЗЕТІ ЖАРЫҚ КӨРДІ, “АЛЛАЖАР” (1991, РЕЖ. Т.ТЕМЕНОВ), “ҚЫЗҒЫШ ҚҰС” КИНОФИЛЬМДЕРІ ТҮСІРІЛДІ.

5 бет

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

6 бет

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

7 бет

8 бет

Көтеріліс хронологиясы:

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағыЛ.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

10 бет

ОСЫ ӘСКЕРИ КҮШТЕР 19 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ҚАЛАНЫҢ ӘР ТҰСЫНДА ҚАЙТАДАН ШЕРУГЕ ШЫҚПАҚ БОЛҒАН 6 ТОПТЫ БАСЫП, ТАРАТТЫ. АЛАҢДАҒЫ КӨТЕРІЛІСШІЛЕР ТАРАТЫЛҒАН СОҢ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМДЕРІНЕ 2401 АДАМ ЖЕТКІЗІЛГЕН (АЛМАТЫ ТҮРМЕСІНЕ СЫЙМАҒАНДЫҚТАН, ҚАЛА СЫРТЫНА АПАРЫП ТАСТАЛҒАНДАРДЫ ҚОСЫП ЕСЕПТЕГЕНДЕ БАРЛЫҒЫ 8,5 МЫҢ АДАМ ҰСТАЛҒАН). ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА Е.СЫПАТАЕВ, С.МҰХАМЕТЖАНОВА, К.МОЛДАНАЗАРОВА, Қ.РЫСҚҰЛБЕКОВ, М.ӘБДІҚҰЛОВ, Л.АСАНОВА СЫНДЫ ЕРЖҮРЕК ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ БАР.

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 19 — 23 АРАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУЛЕРІ МЕН МИТИНГІЛЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН, ТАЛДЫҚОРҒАН, КӨКШЕТАУ, ҚАРАҒАНДЫ,АРҚАЛЫҚ, ПАВЛОДАР, ЖАМБЫЛ, ТАЛҒАР, САРҚАН, Т.Б. ҚАЛАЛАРЫ МЕН САРЫӨЗЕК, ШАМАЛҒАН, ШЕЛЕК ЕЛДІ  МЕКЕНДЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ.

11 бет

12 бет

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов,Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.

13 бет

Тарихи маңызы:

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуға өз үлестерін тигізді.

14 бет

15 бет

Жаппай жазалау
Желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шахановтың мәліметі бойынша 8500 адам ұсталып,1720 адам жарақат алған.ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған.12 ЖОО-ның ректорлары орнынан алынған.246 студент оқудан шығарылып,99 адам сотталып,оны 2-і өлім жазасына кесілді.

16 бет

17 бет

Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастарының наразы шеруін күшпен басып-жаншыған соң, полиция мен қауіпсіздік комитеті (КГБ) ұсталғандардың әрқайсысын суретке түсірді . Желтоқсан, 1986 жыл. «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы суреттер.

18 бет

19 бет

Советтік Қазақстанның диссиденті, 1986 жылғы желтоқсан қозғалысына қатысушы композитор Хасен Қожахмет Арқалық түрмесінде. Қазан, 1988 жыл. Сурет «Қазақтелефильм» түсірген «Версия» деректі фильмінен алынды.

20 бет

21 бет

Қайрат Рысқұлбеков

22 бет

Қайрат Рысқұлбеков:
”Ақтық сөзің не?” – деген,Бүгін қойды сот сұрақ.Айтамын оны халқыма,Жоқ пиғыл менде жасымақ. Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар,   Қайрат деген атым бар,Қазақ деген затым бар.”Еркек тоқты – құрбандық”,Атам десең атыңдар! Хош аман бол артымда, Ағайын, туған-азамат. Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым саған аманат!

23 бет

Ләззат Асанова

24 бет

Сәбира Мұхамеджанова

25 бет

26 бет

27 бет

Желтоқсаншылар

29 бет

Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы!
Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді. Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді.

30 бет

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

31 бет

Назарларыңызға
рахмет!