1001 мақал, 101 жұмбақ, сайыс сабақ жоспары, мақал мәтел, жұмбақтар

0

1001 мақал, 101 жұмбақ.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті топ мүшелері, жан күйерлер, оқырмандар мәдениет сүйгіш және 1001 мақал 101 жұмбақ білгірлері. Біздің бүгінгі ойынымыз «1001 мақал, 101 жұмбаққа» арналған сайысымызды бастайық.
Тілім менің тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өшсе тілім менде бірге өшемін,
Өссе тілім менде бірге өсемін.
(Ә. Тәжібаев)

Бұл сайыста білімділер ғана оза алады,
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықпен жарысыңдар
жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Ендігі кезекте қазылар алқасымен танысып қоялық.
Қазылар алқасы 4 — адам
Жүргізуші: Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болмасын,
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын! – деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, бүгінгі сайысымыздың бастаймыз,

1 — кезең:«Жүйрік болсаң, шауып көр»
2 — топ бір — бірімен кезек — кезек ұпай жинау арқылы жарысады.
1) тіл, сөз өнері, шешендік тақырыбындағы мақал.
Қазақтар шешен келеді. Олар мақалдап сөйлейді. Жәй сөзінің өзі өзен боп ағып жатады. (В. Радлов)

2 — кезең « Мықты болсаң, тауып көр»
Ойынның шарты: Жүргізуші мақалдың 1 — ші жартысын айтады, сайыскер мақалды аяқтауы керек. Қай топ 1 — ші жауап береді.
№1 — топ
1. Ине көзінен сынады,…..
(шешен сөзінен сынады)
2. Тіл қылыштан……(өткір)
3. Тіл тас жарады,
Тас жармаса……(бас жарады)
4. Шешеннің тілі –………
(Шебердің бізі)
5. Қызыл тіл жанның мияты,….
(Аброй – ердің қуаты.)
6. Жақсының сөзі ақыл шақырады,….
(Жаманның сөзі ашу шақырады).
№2 — топ
1. Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,……
(Жасай білмесең астың дәмі болмайды)
2. Сөйлей – сөйлей шешен боласың,…
(Көре — көре көсем боласың)
3. Аузы жаман елді былғар,…
(Аяғы жаман төрді былғар)
4. Мақал атасы сөз,…
(Мата атасы бөз)
5. Батыр туса ел ырысы,…
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
6. Нақыл қайдан шығады ой болмаса,….
(Киіз қайдан шығады қой болмаса.)
7. Жақсыдан үйрен,….
(Жаманнан жирен).
Жүргізуші: Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Қай халықтың болса да мәдениетін, көркем сөзін, көркем өнерін жоғары көтеріп, жалындатып жіберуге – жүз талант көптік етпейді, он талант аздық етпейді» — деп бекер айтпаған.

3 — кезең «Ойлы болсаң, озып көр»

Дінмұхамед Қонаев «Сөз маржанын ой түбінен тере біл» – демекші. Келесі кезең екі топ бір — біріне ырым — тиымдармен жарысады.
1. қазақтың салт — дәстүрінен түсінік беру.
2. Ырым — тыйым туралы білетіндерін айту.
Ой – өрісін шапшаңдығын сынайық,
Әр жұмбаққа нақты жауап беріп шығайық.
Мүдірместен, іркілместен сөйлейтін,
Әр топтан жүйріктерді табайық.

4 — кезең «Тапқыр болсаң, жауап бер»
« Жұмбақтар»
Ойынын шарты жүргізуші жұмбақ жасырады оны сайыскерлер табу керек.
1. Тіршілік ауысар тек
Ұстасаң қауқар жоқ.
Айналам қоршау көп
Одан асқан кәусәр жоқ.(ауа)

2. Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз)

3. Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе ыңғай. (Домбыра)

4. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық. (Кітап, оқу)

5. Екі ағайынды,
Екеуі бір үйде.
Бірін — бірі көрмейді. (Көз)

6. Әй, керемет бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Ұрықсатсыз ол иттен
Адам үйге кімейді. (Құлып)

7. Ұзын — ұзын ұз келед,
Ұзын бойлы қыз келед.
Қашау басы қалтылдап,
Сәукелесі жалтылдап. (Жол)

8. Өмір — өмір, өмірден,
Өмір оты көмірден.
Зымыран деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (Мылтық пен оқ)

5 — кезең. « Алғыр болсаң, шешіп көр»
Жүргізуші: Ойласа – ойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, демекші, келесі кезек топ басшыларына беріледі. Топ басшылары ортаға шығыңдар,
1. Ойын шарты топ басшыларына бір сөз беріледі. Сол сөзден бірнеше сөз құрау. Ал енді топ басшылары жазып болғанға дейін, топ мүшелерімен сайысты жалғастырайық. Мен сіздерге берілген сұрақтың орнына керек сөзді қойып мақал — мәтелдерді толықтыр
1 — топ мүшелеріне сұрақ:
1) Күлме кімге?
2) Қайда түкірме?
3) Ол не қабымен?
4) Ұят неден күшті?
5) Тіл не жарады?
6) Қандай үй базар?

2 — топ мүшелеріне сұрақ:
1) Талаптыға не жауар?
2) Тіл неден өткір?
3) Білмеген не ішеді?
4) Неге бал?
5) Ат шапайды не шабады?
6) Талап не?
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Ал, енді бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңдар.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!