100 жылдық соғыс | Скачать Материал

0






Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге

Таңдаулыға:   




Соғыстың себебі және басталуы
Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) — Франция мен Англияның арасындағы ұзаққа созылған, дүние жүзі тарихына ықпал еткен соғыс. 1328 жылы француз королі Карл IV қайтыс болды да, таққа мұрагер табылмады. Осыны пайдаланған ағылшын королі Эдуард III (1327 — 1377) өзін қайтыс болған корольдің жиені ретінде тақтың мұрагерімін деп жариялады. Бірақ француз ақсүйектері әйелдер жағынан тараған ұрпақтың Франция тағын иеленуіне тыйым салатын ежелгі дәстүрге сүйеніп, қайтыс болған корольдің алыс туысы, Валуа әулетінен шыққан Филипп IV -ні король тағына отырғызды. Эдуард III алғашында бұл шешіммен келісті.
Көп ұзамай жаңа корольдің белсенді әрекеттерінен өзінің Франциядағы иеліктеріне қауіп төнетінін түсінді. 1339 жылы ағылшындар Францияға сәтсіз жорық жасады. Келесі жылы жорықтарын тағы қайталады. Бұл жолғы шабуыл сәтті аяқталып, француз флоты толық жойылды. Филипп IV бітім сұрауға мәжбүр болды. Алайда бұл бітім ұзаққа созылмады. 1346 жылы ағылшын әскерлері Нормандияға басып кірді. Олар Париж қаласына дейін келіп жетіп, Францияның солтүстік аймағына қарай шабуылға шықты. Француз әскерлері, негізінен, рыцарлардан құралған еді. Ал ағылшын әскерлерінің басым бөлігін ерікті шаруалардан құралған садақшылар құрады. 1346 жылы 26 тамызда олардың арасында үлкен шайқас болды. Шайқас барысында француз жасақтары оннан аса шабуыл ұйымдастырды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған, бей-берекет шабуылдар ешқандай нәтиже бермеді. Ұзын садақпен қаруланған тәртіпті ағылшын садақшылары оларды 150 м-ден артық жақындатпай, алдымен рыцарлар мінген аттарды мертіктірді. Осыдан кейін шайқасқа ағылшын атты әскерлері араласты. Бір жарым мыңға жуық француз рыцарлары қазаға ұшырап, ағылшындар үш сарбазынан ғана айырылды. Жеңіске жеткен Эдуард III аса ірі порты бар Кале қаласын қоршауға алды.
Кале қаласы он айдан аса ерлікпен қорғанғанына қарамастан берілуге мәжбүр болды. Бұл қала 1558 жылға дейін ағылшындардың Франциядағы әскери тірегіне айналды. Кале бекінісі құлағаннан кейін екі арада сегіз жылдай бейбітшілік орнады. 1350 жылы Франция тағын Валуа әулетінен шыққан Иоан II иеленді. 1355 жылы ағылшындар соғыс қимылдарын қайта бастады. Эдуард III Бретания мен Фландрияны, оның ұлы Эдуард Қара ханзада Лантедок қамалын басып алды. Эдуард Қара ханзада 1356 жылы 19 қыркүйекте Пуатье қаласы түбінде француз королі Иоан II-ні тұтқынға алды. 1359 жылы Лондонда француздар үшін аса қолайсыз бітім шартына қол қойылды. Халықтың тұрмысы күрт нашарлап, жаппай бас көтерулер (Жакерия көтерілісі) басталды. Осыны пайдаланған ағылшындар елді оңтүстіктен және солтүстіктен бірдей қысымға алды.
Жаңа король Карл V (1364 — 84) ағылшындармен жаңа бітім шартын жасасып, солардың көмегімен халық толқуын басып тастады. Франция өз жерінің көп бөлігінен айрылып қалды. Карл V рыцарларды жалдамалы жасақтармен алмастырып, алғашқы далалық артиллерия бөлімдерін құрды, отандық флотты қалпына келтіруге тырысты. Ол 1369 жылы соғысты қайтадан бастап, ағылшындарды елден ығыстыра бастады және Оңтүстік Англияға бірнеше сәтті жорықтар жасады. Бұл кезде Англияда Эдуард III қайтыс болып, таққа Ричард II (1377 — 91) отырды. Елде шаруалар қозғалысы (Уот Тайлер көтерілісі) өрістеді. Ричард II француздармен бітім жасасуға мәжбүр болды. Бірақ Францияның жаңа королі Карл VI (1384 — 1422 ж. билік құрған) ел билеуге икемсіз болып шықты. Билік үшін ақсүйектер арасында өзара қырқыс басталды. Ал Англияда Ричард II тақтан тайдырылып, билікке Ланкастер әулеті келді. Екі ел арасындағы соғыс ағылшын королі Генрих V (1413 — 22) тұсында қайта жалғасты. Ол 1415 жылы көп әскермен Нормандияға келіп түсті де Бургундия герцогтығының көмегімен елдің бүкіл солтүстігін Париж қаласымен қоса басып алды. 1421 жылғы бітім бойынша Карл VI тақта қалдырылды, бірақ Генрих V оның қызына үйленіп, іс жүзінде тақтың мұрагеріне айналды. Көп ұзамай екі король де қайтыс болып, соғыс әрі қарай жалғасып кетті. Енді соғысқа шаруалар мен қала кедейлерінен құралған жасақтар да араласа бастады. 1428 жылы Франция аса ауыр жағдайда қалды. Қазан айында Орлеан қаласын ағылшындар қоршауға алды. Осындай қиын жағдайда Жанна Д’Арк бастаған жасақ пайда болды. Олар 1429 жылы мамырда Орлеанды азат етіп, Карл VII-нің таққа отыруын қамтамасыз етті. Алайда француз ақсүйектері ержүрек қызды ағылшындарға ұстап берді. Жанна Д’Арк өлгеннен кейін Францияда халық жасақтары жер-жерде құрылып, күшейе бастады. Олар 1436 жылы Париж бен оның төңірегін азат етіп, 1450 жылы Нормандияны бағындырды. 1453 жылы 19 қазанда Франциядағы ағылшындардың ең соңғы бекінісі Бордо құлады да, жүзжылдық соғыс ешқандай келісімшартсыз аяқталды. Бұл соғыс екі ел тарихында да үлкен рөл атқарды. Еуропадағы иеліктерінен айрылған ағылшындар басқа құрлықтардан отарлар басып алуға кірісті де, көп ұзамай аса күшті теңіз державасына айналды. Ал Франция бір орталыққа бағынған мемлекет болып қалыптасты. жүзжылдық соғыс рыцарлардың дәурені өткендігін, болашақ соғыстарда шешуші рөлді оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған халық жасақтары атқаратынын көрсетіп берді.
Жалпы жүзжылдық соғыс төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең- 1337-1360 жж. Бұл уақыт Фландрия мен Гиень үшін соғыс қимылдарымен сипатталады. 1360 жылы Франция келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болып, Луарадан Пиренейге дейінгі жерлерден Англияның есебіне бас тартты.
Екінші кезең- 1369-1380жж.- Англияны әлсірету мақсатында француз королі … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

  • Іс жүргізу
  • Автоматтандыру, Техника
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Астрономия
  • Ауыл шаруашылығы
  • Банк ісі
  • Бизнесті бағалау
  • Биология
  • Бухгалтерлік іс
  • Валеология
  • Ветеринария
  • География
  • Геология, Геофизика, Геодезия
  • Дін
  • Ет, сүт, шарап өнімдері
  • Жалпы тарих
  • Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
  • Журналистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Маркетинг
  • Математика, Геометрия
  • Медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Менеджмент
  • Мұнай, Газ
  • Мұрағат ісі
  • Мәдениеттану
  • ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
  • Педагогика
  • Полиграфия
  • Психология
  • Салық
  • Саясаттану
  • Сақтандыру
  • Сертификаттау, стандарттау
  • Социология, Демография
  • Спорт
  • Статистика
  • Тілтану, Филология
  • Тарихи тұлғалар
  • Тау-кен ісі
  • Транспорт
  • Туризм
  • Физика
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Химия
  • Экология, Қоршаған ортаны қорғау
  • Экономика
  • Экономикалық география
  • Электротехника
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Құрылыс
  • Құқық, Криминалистика
  • Әдебиет
  • Өнер, музыка
  • Өнеркәсіп, Өндіріс