1 қыркүйек — білім күні. Не киемін?

Әрине 1 қыркүйек үшін дәстүрлі киім — іскерлік стильдегі ақ-қара түстегі белдемше не шалбар мен жейде. Алайда бұл кейіпті де жаңаша етіп көрсетсе болады. Осыған қоса пиджак киіп көріңіз. Жейдені орамалмен не галстукпен әшекейлесеңіз болады.

Студент қыздарға бір жағынан іскерлік, екінші жағынан жастарға сай ойнақы стиль таңдауға кеңес береміз. Бұл тек киімнің ғана емес, сондай-ақ аксессуарлардың да әсері екенін ұмытпаңыз.

Ақ түсті жейдені 11 жыл киіп шаршаған студенттерге кеңес: ақ түстің орнына ашық, пастель түстерінің бірін таңдаңыз. Аяқ-киім, сөмке сияқты аксессуарлардың түстерін де сәйкес қылып кисеңіз, тіптен нағыз сәнқой атанасыз.

Ақ пен қара үйлесімінен шаршадыңыз ба? Ендеше олардың орнын ауыстырыңыз. Қара түсті жейде мен ақ шалбар не белдемше ерекше жарасады. Кереғар түсті аяқ-киім мен сөмке де сізді сәнді екеніңізді көрсетеді.

Ал мектеп оқушыларының арнайы формасы болған жағдайда ұстаздарының жүйкесін жұқартпай сол формасын киіп баруына кеңес береміз. Ерекшеленемін десеңіз аяқ-киім, сөмке, басқа да аксессуарларды сәйкестендіріп таңдаңыз. Әрине іскерлік стилін таңдаған дұрыс.





Шаш сәніне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Шашты түйіп, жиек кисеңіз болады. Макияжда ашық түстерді таңдағаныңыз жөн.


1 қыркүйектеріңіздің ұмытылмастай болып өтуіне тілектеспіз!