Жәнібек Әлімханұлы «жалдамалы баскесермен» жұдырықтасады — Бокс

0

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақстандық боксшы 2 ақпанда АҚШ-тың Фриско қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады.

BoxRec.com мәліметінше, қазақстандықтың қарсыласы The Hitman (жалдамалы баскесер) лақапатымен танылған америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. 

Әлімханұлы үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жегі. Америка Құрама Штаттарда ол алғаш рет 28 қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галвананы (16-8-1, 15 КО) жеңді. Қарашада америкалық Вон Александерден басым түсті.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz