Washington Post: Ресей мен Қытай жаңа «Шығыс Антантасын» құрды

0

АҚШ пен Ресей Федерациясы арасында қарым-қатынастардың нашарлауына байланысты соңғы онжылдықта пайда болған Ресей мен Қытай арасында қарым-қатынас жақын арада бұзылмайды. Бұл пікірді Вашингтон постының шолушысы Даниэль В Дрезнер білдірді, ол екі мемлекет іс жүзінде альянс құрды деп санайды.

Оның айтуынша, АҚШ-тың негізгі сыртқы-саяси ұстанымы осы екі елдерді бір-бірімен жақындастырды.

Қытай мен Ресей бірге американдық ықпал мен мүддеге, американдық қауіпсіздікке және гүлденуге қарсы болып отыр — АҚШ-тың ресми доктринасында осылай айтылған.

Халықаралық қатынастар сарапшылары Мәскеу мен Пекиннің одақтас болу ұзақ болмайды деп айтты, бұл екі ел бір-бірімен Орталық Азияға және Қиыр Шығысқа әсер ету үшін күресуге мәжбүр болады делінген. Қытайда халықтың көптігі және шикізатқа шамадан тыс сұраныс – адам аз өмір сүретін Сібірді пайдаға асыруына ықпал етеді. Орталық Азия елдері Қытаймен көбірек сауда жасағанда, Пекиннің аймақта ықпалы табиғи түрде өседі. Геосаясаттың логикасы Қытайдың көтерілуімен Ресейдің қауіпті сезінуіне және соңында АҚШ-на бұрылуына тура келеді деп айтылып отыр.

Керісінше, Қытай мен Ресей бір-бірін қолдап отыр. Сол себепті АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі оларға қарсы дұшпандық таныту арқылы үлкен қателік жасады. Нәтижесінде, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин мен қытайлық әріптесі Си Цзиньпин Ақ үйдің жетекшісіне, бір-біріне қарағанда, әлдеқайда көп күмәнмен қарайды дейді сарапшылар.

Президент Путин Пекин мен Мәскеу арасында нәзік альянсты нығайта алды. Соңғы уақытта олардың сыртқы саясаты өте үйлесімділігін тауып келе жатыр. Қытай мен Ресей өзекті өңірлік стратегиялық мәселелер бойынша өз ұстанымдарына үнемі шоғырланды — деп хабарлайды Азиялық зерттеулердің ұлттық бюросының жуырда жарияланған есебінде. Бұл екі елдің саясатта позицияларының сәйкестігі әртүрлі жерлерде — Ираннан Венесуэлаға дейін айқын көрінеді.

Олардың сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдары даму үстінде. Бұл болашақта американдық желіні енгізуді қиындатады. Вашингтонда шетелдік сарапшылар бұл фактіні мүмкіндігінше тезірек түсіну керек – американдық газет осындай қарытынды  жасап отыр.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты

KzNews.kz