Тосыннан агрессия туа қалса елімізді қорғауға дайынбыз ба?

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ресейдің арнайы қызметтері ертеректен қамданып 2014 жылы көкек айынан бастап арандатушылықтар туғызып, Украинаның Славянск, Мариуполь, Краматорск, Донецк, Луганск, Одесса, Харьков қалаларын басып алып «халық республикаларын» құруды жоспарлаған. Оның біразын жүзеге асырды да. Алайда ел президентсіз қалып, шырғалаңға ұшырап тұрғанда халық жасақшылары армияға батыл жәрдем жасап, орыс армиясы дем беріп тұрған сепаратистік күштерді Славянск, Краматорск, Мариуполь қалаларынан айдап шықты. Дұшпанның Одесса мен Харьковтегі әрекеттерін де сәтсіздікке ұшыратты. Антитеррорлық операцияларда халық үлкен қолдау көрсетті. Міне, шынайы Отан қорғаушылардың әрекеті осындай.

Ал біз тосыннан агрессия туа қалса елімізді қорғауға дайынбыз ба? Гибридтік соғыс жағдайына біздің әскердің мүлде дайындығы жоқ. Кейбір украиндықтар солтүстіктегі көршісі Қазақстанды бір тәулікте басып алады дейді. Өз басым қазақтардың отаншылдық ұлы сезіміне сенемін. Жанымыз – құрбан! Оған жол бере қоймаспыз. Бірақ орысша сөйлейтін генералдарымыз Ресей әскери оқу орындарында бірге оқыған достарына біздің позицияларымызды қару-жарақтарымен қоса «сыйлай» салады-ау деп қорқамын. Әрине, шынайы патриот қолбасшыларға, солдаттар мен сарбаздарға сенеміз. Бірақ тек армияға иек артып қоюға болмайды! Халық қолдауы қажет.

Сондықтан қазақтың әрбір жігіті – қазақтың солдаты болуға тиіс! Отан үшін қару-жарақ қолдануды, соғыс өнерін үйреніңіздер. Қиын-қыстау күн туса Қазақстанды алдымен қазақ халқы ғана қорғайды. Осыны біліңіздер, осы жолға дайын болыңыздар.
Бүгінгі – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Марат Тоқашбаев, Facebook парақшасынан

Загрузка...