Теңгенің тағдыры рубльге байлаулы ма?
2018 жылыРФ президенті Владимир Путин өзінің жарлығында 2024 жылға дейін Ресей Федерациясы әлемдегі дамыған 5 мемлекеттің қатарына қосылуы қажеттігін айтты. Елдің стратегиялық талдаулар Орталығы сарапшылар кеңесінің төрағасы Алексей Қудрин дамыған 5 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін ІЖӨ-нің дамуы 6 пайыздан кем болмауы керектігін айтады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,5 пайыздық деңгейде болған. РФ Эконмикалық даму министрлігі алдағы 3 жылда бұл көрсеткіш 3,1 пайыздық деңгейде болады деп болжанып отыр. Сарапшылар болса, РФ үкіметінің келесі қадамы әлеуметтік төлемдерді коррекциялау екенін айтып отыр.
«Неге ?» деген сұраққа жауап дайын. Ресей Федерациясында осы уақытқа дейiн бүкiләлемдiк қаржы дағдарысымен күресті дәл бiздегiдей немесе тiптi Жапониядағыдай нақты жоспармен бекіткен жоқ. «Хаосты» жағдайда жұмыс iстеп келдi. Дәлiрек айтсақ, қай жер қиындыққа тап болады, сол жерге барып «қаржылай көмек қолын» ұсынумен шектелді.
Қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, Ресей Федерациясының тағы бiр олқы тұсы — «мұнай долларларын» халыққа әлеуметтiк мiндеттi бюджеттiк төлемдердi өсiру iсiне тiкелей бағытталып келдi. Сондықтан да қазiр бiздегiден гөрi Ресейде жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақы дейтiндер жоғарырақ болып тұр. 2019 жылы Ресей индустриясында рецессия тереңдей түскен кезде және экспорттық тауар өтiмдiлiгi нашарлаған шақта әлгі аталған аталған бюджеттiк мiндеттi төлемдердi уақытында өтеу мүмкiн болмай қалуы да әбден мүмкін.
«Себебі биылғы жылы мұнай өндiрiсi мен экспортын 10 пайызға өсiре алған федерация басшылығы келер жылы мұндай өсiмдi табиғи мүмкiндiктiң жоқтығынан қамтамасыз ете алмайды. Демек, Ресейдiң 1997 жылдағы Оңтүстік Азия елдерiнен соққан дауылдағыдай жағдаймен да бетпе –бет қалуы да, рубльдiң мол мөлшерде девальвацияға ұшырауы да әбден мүмкін. Қазірдің өзінде ол жақсы жағдайда тұрған жоқ», – дейді Ілияс Исаев.
2014 жылы сол кездегі ҰБ төрағасы «мұнай бағасы 80 долларды, ал ресейлік рубль 43 долларды маңайлай бастаса, онда теңге бағамына қатысты алаңдай бастауға болады» деген еді. Мұндай пікірді қазіргі төраға Данияр Ақышев та талай рет айтты. Қазір теңге мен рубль арасындағы тепе-теңдік 5,5-5,7.
«Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов рубльдің долларға шаққандағы бағамы құлайтын болса, ол теңгеге әсер етеді. Себебі Қазақстанның Ресейге деген экономикалық тәуелділігі шектен шығып кетпесе де жоғары деңгейде. Бізге мұндай жағдайда басқа елдермен, әсіресе Қытай Халық Республикасымен импорттынық-экспорттық бағытымызды әртараптандыруымыз керек. Ораз Жандосовтың айтуынша, сауда саласында Қазақстан Ресеймен бәсекеге түсуге қауқарсызбыз. Ол елдегі ішкі нарықтың өлшемі, адами әлеует және жағрапиялық мүмкіндігі бізден жоғары.
«Қазір ішкі инвестицияға көңіл бөліп, экономикалық саясатты дұрыс жүргізу керек» , –дейді Ораз Жандосов.
Қысқасы, әлем сарапшылары соңғы кездерi бiрауыздан айтып жатқан Ресей Федерациясындағы 2019 жылғы дағдарыс шындыққа жақындап қалған сияқты. «Қазақстан iргедегi алып көршiсi жағынан соғатын алапат дауылға қарсы тосқауыл қоя ала ма? Біздің үкімет пен Ұлттық банктің дайындығы қандай?» деген сұрақ тағы алдан шығады. Бірақ «қауiп бар» деген сөздi бiрде бiр лауазымды тұлғаның аузынан естімедік. Қаржыгер Ілияс Исаев Ұлттық банк басшылығы соңғы кездері отандық қаржы нарығында рубльдiң бағасын өсiрумен шындап айналысып кетті деген қаупін айтады. Бүкiләлемдiк даму кезеңі кезінде, 2008 жылдарға дейін Ресейдiң рублi бiздiң қаржы нарығында 4 теңге 70 тиын болған.
«2019 жылдың алғашқы жартысында сол рубль 1997 жылғыдай 10 есе құнсызданып кетсе, Ұлттық банк не iстей алады? Бұған жауап жоқ. Ескерте кетейiк, экспорт-импорт тауар алмасуда Ресей Федерациясы ең салмақты елдердің бiрi болғандықтан, бұл елдің ұлттық валютасы біздің бiздiң сақтық қорларымызда аса мол мөлшерде жиналған. Соның «тағдырын» бүгін ойламасақ, ертең кеш болады» , –дейді Ілияс Исаев.
АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес одан әрі ушығып, санкцияның салқыны солтүстіктегі көршімізді бір сілкіп тастады. Себебі, Ақ үйдің соңғы қара тізіміне ресейлік 7 ірі кәсіпкер мен 12 компания іліккен болатын. Ал, санкция салынысымен ресейлік олигархтар иелік ететін компаниялардың акциясы құлдырап, көрші елдің қор биржасы қожырап кетті. Тіпті, рубльдің долларға шаққандағы құны бір күннің ішінде 4,3 пайызға дейін құлдыраған.
Сарапшылар болса, Ресейдің қаржы секторы кейінгі 4 жылда мұндай ауыр соққыны бастан өткермегінін айтады.
Экономист Әнуар Үшбаев 2014 жылғы құлдырау Ресейдің қарулы күштерін ел шекарасынан өзге аймақта қолдануы мүмкін деген шешімінен туғанын, содан бері санкциялар көбейіп, қазір шегіне жеткенін еске түсірді. Бұған дейін ресми Мәскеу кейбір азық-түлікке қатысты санкциялардың жолын тапқан еді, қазір санкция қаржы секторына жетті, Ресей экономикасының маңызды активі саналатын «Сбербанктың» акциясы төмендеп кетті. «Сбербанктың» филиалдары Қазақстанның барлық аймағында жұмыс істеп тұр.
«Мұның салдарын кеңінен болжау өте қиын. Рубль құнсызданса теңгенің де әлсіреуін байқай аламыз. Әрине, Ұлттық банктің жеткілікті қоры болғанмен, еркін айналымдағы нарық заңдылығына тәуелдіміз. Ресейдің АҚШ және Батыс елдерімен теке-тіресі қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Ресми Кремль қазір жаңа шектеу есеңгіретіп кеткен экономикалық ахуалды реттеуге тырысып, миллардтаған долларынан айырылған компанияларға қолдау білдіретінін айтып жатыр. Санкцияның соңы бұл емес», –дейді Әнуар Үшбаев.
Ұлттық экономика министррі Тимур Сүлейменов өткен жылдың сәуір айының бас кезінде Алматыдағы қаржы саммиті кезінде рубльдің долларға шаққандағы бағамына коррекция жасалғанын Қазақстанда да байқалғанын айтты. «Егер рубль осылай құлдырай берсе және бұл тұрақты сипат алса, онда айтарлықтай бір ықпалды біз де байқаймыз, мұндай жағдайда Ұлттық банкпен бірге белгілі бір жұмыстарды жүргізуге тура келеді», – дейді Тимур Сүлейменов.
Одан бері 6 айға жақын уақыт өтті. Жағдайдың қалай болғанын сырттан бақылап отырған Үкіметтің қандай шешімге келгені бізге белгісіз. Сарапшылар теңгенің рубльден қол үзетін кезі әлі алда екенін айтады. Себебі екі валютаның арқа сүйейтін дүниесі – мұнай, мен шикізат көздері. Мұнайлы экономикаға деген тәуелділік екі елдің де шикізаттық емес секторға деген адымын тежеп тұр. Біз үшін бірінші міндет — РФ-ден келген инфляцияның ықпалын әлсірету » , –дейді Ерлан Ибрагим.
«Ресейден соғатын боранға тосқауылымыз бар» деп Үкіметіміз үкілеп отырған «А»және «Б» жоспарлары тегеуірінді ме? Оны дайындауға тәуелсіз сарапшылардың мүмкіндігі қандай деңгейде жұмылдырылды? Ол жағы бізге белгісіз…
«Алаңдамаңдар» деген үкімет алаңдамауға негіз болатын картаны әлі ашқан жоқ.
Рауан Илиясов