Сатановский: «Қазақстан Батыстың сайлауға қатысты барлық болжамдарын «шредерге жіберді»
Сарапшы Евгений Сатановский Қазақстандағы жағдай Батыс саясаткерлерінің барлық болжамдарын жоққа шығарды деп санайды.
Саяси сарапшы Е. Сатановский «Вести» радиостанциясына берген сұхбатында былай мәлімдеді: «Қазақстан Батыстың сайлауға барлық болжамдарын шредерге (немесе құл-қоқысқа) жіберді».
Оның айтуынша, елімізді 30 жыл бойы басқарған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Еуропалық Комиссияның мамандары үшін абсолютті тосынсый болды және көптеген дау тудырды. Сонымен қатар, батыстық саяси сарапшылар Қазақстанның болашақ президентінің кандидатурасын дұрыс анықтамай жүр.
Саяси сарапшы Н.Ә. Назарбаевтың қызы Дариға Нұрсұлтанқызы республикадағы президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы мәлімдегенін еске түсіреді: сонда батыс сарапшылары әбігерге тап болды.
Еске салайық, кеше, 9 сәуірде, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау күні белгілі болды – бұл 2019 жылдың 9 маусым күні.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты