Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?

0

Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық бақылаушы аккредиттелді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан бақылаушыларды аккредиттеу 3 маусым сағат 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«13 мамырда ОСК «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның бақылаушыларын аккредиттеу туралы» қаулыны қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, аккредиттеу үшін, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро) құрманыда 22 ұзақ мерзімді бақылаушы енгізілді», — дейді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Өз сөзінде Баймолдина бақылаушылар жөніндегі мәліметтердің жаңартылып отыратынын атап өтті.

stan.kz