Назарбаев: Құдай – жалғыз, жүретін жолымыз – әртүрлі

0
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезі туралы пікір білдірді.

«Мұндай шаралардың біздің мемлекетте өтуінің өзіндік себебі бар. Біздің елде әртүрлі этнос пен діндарлар бар. Олардың бәрі ұрсыспай, бір-бірін өлтірмей-ақ тұрып жатыр. Келген адамдар соған таң қалады», — дейді ол.

Қазіргі уақытта дін саясатқа айналып кетті.

«Дін арқылы соғысады, дін арқылы қан төгеді. Террористердің бәрі «мұсылман» болып шыға келді. Менің тапсырмаммен алты жыл бұрын бірінші съезд өткіздік. Керемет деңгейде өтті. 45-50 мемлекеттен жиналған әртүрлі дін басшылары осы жерде әңгілемелеседі. Барлығының айтатыны «Құдай – жалғыз, жүретін жолымыз – әртүрлі». Алтыншы съезде «Діндердің дүние жүзі тұрақтылығына қосатын үлесі қандай?» деген тақырыпта өтті. Олар келіп жиналып отыратын болса – Қазақстанға мәртебе деп ойлаймын. Біз бәрімен достық қарым-қатынастамыз, сондықта осында олар қорықпай келеді», — деді ол.

Дереккөз: BAQ.KZ