Курт Волкер: АҚШ Украинаға көмектеседі

0

Украина бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментенің арнайы өкілі К. Волкер АҚШ-ның одан әрі Киевке көмек көрсетуді жалғастыратынына уәде берді, себебі АҚШ «Украинаға ұзақ уақытқа келді» екен. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.

Волкердің айтуынша, Америка Құрама Штаттар Украинаға «шындап және ұзақ уақытқа» келіп, алдағы уақытта украиндық билікке барынша көмек көрсететін болады. Ол тағы да Украинаға «Қырымды қайтару қажеттігін және Вашингтон күшті Украинаны өз бұрынғы шекараларымен көргісі келеді» деп айтты.

«Америка Құрама Штаттары ұзақ уақыт бойы бейбіт, күшті, демократиялық, гүлденген, қауіпсіз Украина болуға көмек береді. Волкер Америка Құрама Штаттар Украина Президенттігіне кандидаттардың қайсысын нақты қолдамайтынын, ал сайлау жеңімпазымен жемісті ынтымақтастыққа үміттенетінін атап өтті. Сонымен қатар, бастапқыда Волкер «көп жұмыс істеген», «көп жетістікке жеткен» Порошенкоға қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, пікірталастардан кейін қазіргі президент Порошенко АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Украина тарапының бастамасы бойынша болған телефонмен сөйлескен Порошенко Зеленский туралы Помпеоға «шағымданды». Украина президентінің айтуынша, Зеленский «ресейлік жағында кандидат». АҚШ-ның өкілі Украинаға қолдау көрсетуге уәде берді.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты