Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді
Primeminister.kz телеграм-каналында атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) 2019 жылдың 1 сәуірден бастап қалай өзгеретіні баяндалған видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек — тапқан табысы күнкөріс минимумынан төмен азаматтарға берілетін ақшалай төлем.
Қазіргі уақытта (1 сәуірге дейін) АӘК көрсетілуі үшін жанұядағы бір адамның табысы 14 849 теңгеден аспауы керек.
Мысалы, төрт баласы бар ананың табысы 50 мың теңге дейік. Оны беске бөлгенде, орташа алғанда әр адамның үлесі 10 мың теңгеге тең. АӘК берілуі үшін талап 14 849 теңге болған соң, одан отбасы табысының бір адамға шаққандағы үлесін, яғни 10 мың теңгені алып тастаймыз. Сонда 4849 теңге қалады. Бұл бір адамның өлшемі. 4849 теңгені бес адамға көбейтеміз де 24 245 теңге көлемінде АӘК аламыз.
1 cәуірден бастап АӘК көрсетілуі үшін талап 20 789 теңгеге дейін көтерілетін болады. Егер оны төрт адамға көбейтсек 83 156 теңге шығады. Орташа алғанда ана балаларымен бірге 93 945 теңге алады. Осылайша бір атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 3,9 рет артады.
АӘК-мен бірге жиынтық табыс 143 945 теңгені құрайды.
stan.kz